13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДАМУ» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

7 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДАМУ» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Даму» Қоры – Ұлттық экономика министрлігі және «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жаңа «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты. Жобаның мақсаты — экономиканың басым секторларында кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиемен қолдау. Бұл туралы Түркістан облысындағы «Даму» қорының директоры Мұғазан Нұрмаханұлы баяндады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына және Үкіметтің 2025 жылғы 2 сәуірдегі Қаулысына сәйкес, кәсіпкерлікті қаржыландырудағы негізгі кедергілердің бірі — кепілзаттың жеткіліксіздігі мәселесін шешу мақсатында екі жаңа кепілдік құралы енгізілді. Енді кәсіпкер банктен несие аларда кепілзат жетпеген жағдайда төмендегідей қолдау ұсынылады. Кепілдік қоры шеңберінде шағын, орта және ірі бизнес нысандары қатыса алады. Негізгі шарттары – кепілдік берілетін жоба аясында қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды. Кепілдіктің ең жоғары мөлшері — қаржыландыру сомасының 85%-ына дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспауы тиіс. Ал кепілдік мерзімі — 5 жылға дейін. Бұл жеңілдіктер – ауыл, орман және балық шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, электр және жылу энергиясы, сумен жабдықтау, сауда, көлік және қоймалау, туризм, ақпарат және байланыс, жылжымайтын мүлік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, мәдениет, өнер, ойын-сауық бағытында кәсіп бастағысы келетін азаматтар үшін қарастырылған. Биылғы жылдың басынан бері Қор арқылы 200-ден астам азамат өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Бұл мақсатта 3,5 млрд теңге қаржы жұмсалды. Егер де өзінің бизнес идеяларын жүзеге асырғысы келетін жандар болса Қордың облыстағы бөлімшесіне келіп мамандардан кеңес ала-алады»-деді сала басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ: ШЫМКЕНТТЕ ТЖД ТҰРҒЫНДАРДЫ САҚТЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

Next Post

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЧЕРЕЗ ФОНД "ДАМУ" НАЧАЛИ СВОЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ БОЛЕЕ 200 ГРАЖДАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі