13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығы ашылды

15 февраля, 2021
in Білім
0
Шымкентте жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК жанындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығының» жұмысымен танысты. Аталған орталықта колледждің 8 өндірістік шеберханасы орналастырылған.

Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі өткен жылы «Жас маман» жобасына қатысып, 371 миллион теңгеге «Тігінші-кестелеуші» мамандығы үшін заманауи материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында Жапондық «JUKI» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарын алған. Мұндағы жаңа жабдықтармен жұмыс жасау үшін колледждің 30 маманы арнайы оқудан өтіп, сертификаттармен расталды.

Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығын құрудағы мақсат — АЭА кәсіпорындары арасында инновациялық бағдарламалар мен технологиялар тәжірибесін енгізу; оқыту бағдарламалары арқылы өндірістен педагогтерді, мамандарды, сарапшыларды қайта даярлау; «WordSkills» стандарттары бойынша чемпионаттарды дайындау және үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу. Орталықта «кестелеуші», «сандық модельер», «пішуші», «киім құрастырушы», «модельер-құрастырушы», «тігін өндірісінің технологы», «бас киім модисті», «киім дизайны», «тігін жабдығының операторы» секілді құзіреттіліктерді ашу көзделіп отыр.

Өндірістік шеберханалармен танысқан шаһар басшысы колледждер мүмкіндігін тиімді пайдалана білу керектігін айтты.

— Қаламызда 31 техникалық және кәсіби білім беретін оқу ордасы бар. Онда түрлі мамандық бойынша кадрлар дайындалып жатыр. Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығы – еліміздегі мұндай озық технологиямен жабдықталған алғашқылардың бірі. Сондықтан базаның мүмкіндіктеріне аса көңіл бөліну қажет. Қаладағы кәсіптік білім беретін ұйымдардағы мамандықтар негізінде инвесторларға ұсынатын арнайы үш тілде кітапша әзірленсін. Қызығушылық танытып келетін инвесторларға өзіміздегі дайын кадрларды ұсыну арқылы  жұмыссыздықтың алдын аламыз, екінші жағынан қала әлеуетін де көрсете аламыз, — деп сала басшысына тапсырма берді.

«Жас маман» жобасы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Жобаның мақсаты WorldSkills стандарттарының халықаралық тәжірибесін енгізе отырып, ТЖКБ ұйымдарындағы сұранысқа ие 100 мамандықты анықтау және  қайта жаңғырту болып табылады. «Жас маман» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейлерде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады.

2020 жылы аталған жобаға қаламыздағы 2 колледж қатысып, 646 624 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды. Ал биыл 5 колледжге 1 млрд 700 млн теңгеге сапалы кадрлар даярлауға мүмкіндік беретін жабдықтар

Tags: 13kz13kz.kz13кзбілім басқармасыШымкент
Previous Post

Армия спортшылары Қазақстан чемпионатында 20 медаль жеңіп алды

Next Post

Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті бас лицензиясынан айырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі