13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскер құрамасы алғаш рет өтетін қазақ күресінен әлем чемпионатына дайындалуда

6 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Әскер құрамасы алғаш рет өтетін қазақ күресінен әлем чемпионатына дайындалуда
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық армиялық спорт клубының қазақ күресі бойынша құрама командасы «Алма-тау» спорттық-сауықтыру кешенінің базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Спортшылар тарихи оқиғаға – әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен болатын алғашқы әлем чемпионатына дайындалуда. Турнир 14–15 тамыз күндері Астанада Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен өтеді.

Чемпионатты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырады. Оған әлемнің 40-тан астам елінен әскери спортшылар қатысады деп күтілуде. Мұндай чемпионатты өткізу – ұлттық күрес түрін халықаралық аренада кеңінен насихаттаудың маңызды қадамы болмақ және Қазақстанның спорттық беделін арттыруға септігін тигізеді.
Жиын барысында армиялық спортшылар екі апта бойы күшейтілген физикалық дайындық кезеңінен өтті. Бұл кезеңде олар салмақтар мен арнайы резиналық таспаларды пайдаланып, жаттығу құрылғыларында күніне екі мәрте жаттықты. Мұндай жаттығулар күш, төзімділік және жалпы физикалық дайындықты арттыруға бағытталған.
Базалық дайындық кезеңінен кейін құрама балуан кілеміндегі тактикалық дайындыққа көшті. Бұл кезеңде спортшылар тәсілдер мен қарсы тәсілдерді автоматты деңгейге дейін пысықтап, жарыс техникасын шыңдап, жаттықтырушымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
– Алдағы чемпионатқа сапалы дайындалу мақсатында оқу-әдістемелік жиындар өткізудеміз. Қазақстан ерлер және әйелдер дивизиондарында сегіз салмақ дәрежесінде өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Команданың көңіл-күйі жақсы, спортшылар бар күшін салып жаттығуда. Біз олардың жеңіске жететініне сенеміз және ел намысын лайықты қорғайды деп үміттенеміз, – деді ҚР ҚМ Орталық спорт клубының қазақ күресі құрамасының аға жаттықтырушысы Асан Мәмбетқұлов.
Жиындар толық шоғырлану жағдайында өтіп жатыр. Бұл бапкерлік құрамға әрбір спортшының мүмкіндігін терең түсінуге және ұжымдық рухты нығайтуға мүмкіндік береді. Орта ауыстыру спортшылардың көңіл-күйін көтеріп, жаттығуға деген ынтасын арттырып, жылдам қалпына келуіне ықпал етеді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800-ДЕН АСТАМ ТҮЛЕК «СЕРПІН» БАҒДАРЛАРМАСЫМЕН ГРАНТҚА ТҮСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі