13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Әділет саласындағы атқарылған жұмыстар мен жаңашылдықтар

26 июля, 2025
in Uncategorized
0
Шымкент: Әділет саласындағы атқарылған жұмыстар мен жаңашылдықтар
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Құқықтық сауаттылықты арттыру мен азаматтарға сапалы заңгерлік көмек көрсету – әділет саласының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде Шымкент қаласында 328 нотариус, 504 адвокат және 1331 заң кеңесшісі тіркелген. Қала тұрғындарына құқықтық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында бірқатар заманауи жаңашылдықтар енгізілуде.

Азаматтар адвокаттар мен заңгерлердің кеңесіне онлайн режимде жүгіне алады. Бұл қызмет «Е-заң көмегі» мобильді қосымшасы арқылы ұсынылады және ол «E-gov» порталына интеграцияланған. Сонымен қатар, жасанды интеллектіге негізделген құқықтық чат-боттар халыққа 24/7 тәртібінде жедел жауап беріп келеді. Осы жылдың 1 шілдесіне дейін бұл қызметті 5 мыңнан астам азамат пайдаланған.

Нотариат қызметі де цифрлық форматқа көшуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласындағы нотариустар 390 034 қызмет көрсетіп, оның 15 364-і онлайн түрде «Е-нотари» платформасы арқылы жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, апостиль қою процесі де толығымен онлайн форматқа көшірілген. Азаматтар АХАТ органдарының, нотариустар мен мемлекеттік органдардың құжаттарына апостильді egov.kz порталы арқылы рәсімдей алады.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағытында 2025 жылдың алғашқы жартысында 14 әкімшілік іс қозғалып, 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 30 мыңнан астам контрафактілік өнім алынып, оның жалпы құны 17,7 млн теңгені құрады. Бұл өнімдердің басым бөлігі тұрмыстық химия мен тағам өнімдері болып табылады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, «географиялық нұсқама» ұғымы енгізілді. Бұл ретте Шымкенттегі бірқатар кәсіпкерлер өз өнімдерін «Сайрам Нан», «Тассай ет», «Шымкент Саз», «Шымкент макарон» атауларымен тіркеп үлгерді. Бұл нұсқамалар жергілікті өнімдердің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және мемлекеттік қолдау алуға жол ашады.

Сот актілерін мәжбүрлеп орындату саласында да автоматтандыру белсенді жүзеге асырылуда. Шымкент қаласында 8 мемлекеттік және 162 жеке сот орындаушы жұмыс істейді. Мемлекет пайдасына 20 АЕК-ке дейінгі істер автоматтандырылған тәртіппен орындалады. Осы жылдың алғашқы алты айында мұндай 12 809 іс аяқталып, 268 млн теңгеден астам сома өндірілді.

Әлеуметтік маңызы бар істердің бірі – алимент өндіру іс жүргізулері. Қазіргі таңда Шымкентте осы санаттағы 13 727 іс қаралуда. 2025 жылдың алғашқы жартысында алимент төлеуден жалтарған 29 адамға қатысты сот үкімдері шығып, 121 борышкер әкімшілік жаза ретінде қамаққа алынды.

Осы және өзге де әділет саласындағы цифрландыру шаралары халыққа сапалы, ашық және тиімді құқықтық қызмет көрсетуге бағытталып отыр.

 

Previous Post

Ночной рейд в Шымкенте: как реализуется принцип «Закон и порядок» на практике

Next Post

Процестік келісімге келудің тәртібі қандай?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі