13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ: ​Жас түлектер мен жұмыс берушілерге Enbek.kz қосымшасының тиімділігі түсіндірілді

25 июля, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ: ​Жас түлектер мен жұмыс берушілерге Enbek.kz қосымшасының тиімділігі түсіндірілді
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының жас түлектері үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмыспен қамту бағдарламалары жұмыс істейді. Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Тұран ауданы бойынша мансап орталығы мамандары Индустриалды-техникалық колледжде «Қаламыздағы үздік кәсіпорындарға түлектерді жұмысқа орналастыру» тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылған форсайт-сессияға қатысты. Қала аумағындағы ірі кәсіпорын басшылары мен колледж түлектері қатысқан жиында Тұран ауданы мансап орталығының өкілдері жас түлектерге жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары мен Enbek.kz порталының мол мүмкіндіктерін түсіндірді. Шымкент қаласының жас түлектері үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмыспен қамту бағдарламалары жұмыс істейді. Енді оқу орнын тәмамдаған жас маман осы бағдарламалар арқылы алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға мүмкіндік алады. Ол үшін аудандық мансап орталығына барудың қажеті жоқ. Үйден шықпай-ақ, Enbek.kz қосымшасы арқылы қаламыздағы бос жұмыс орындарымен танысуға болады. Сондай-ақ, бұл платформа арқылы жұмыс берушілермен онлайн форматта әңгімелесуден өту мүмкіндігі де қарастырылған. Enbek.kz платформасы жұмыс берушілерге де тиімді. Қажетті маманды порталдағы «Жұмыс іздеушілер» бөлімінде жарияланған түйіндемелер арқылы таңдай алады. Жұмыс берушілер де мемлекеттік бағдарламалар мен Enbek.kz порталының тиімділігіне көз жеткізіп, жас мамандарды жұмысқа қабылдауға қызығушылық танытты. Осылайша, бұл кездесу арқылы түлектер мен кәсіпорындар арасында нақты байланыс орнап, жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі бағыт қалыптасты. Студенттер тарапынан жоғары қызығушылық байқалды. Бұл — білім мен еңбек нарығын тоғыстырған маңызды алаң болды!

 

Previous Post

"Заң мен тәртіп": Әділетті қоғам құрудың даңғыл жолы

Next Post

Ночной рейд в Шымкенте: как реализуется принцип «Закон и порядок» на практике

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі