13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Болашақ – әскер қатарынан басталады

18 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Болашақ – әскер қатарынан басталады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан, әскери қызмет кезінде тәртіп пен жауапкершілік танытқан сарбаздарды қолдауға бағытталған бастама. 2024 жылдың көктемінде Шымкент қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған 86 жігіт мемлекеттік білім беру грантының иегері атанып, еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан, әскери қызмет кезінде тәртіп пен жауапкершілік танытқан сарбаздарды қолдауға бағытталған бастама. Сол сарбаздардың жарқын үлгісі – запасқа шыққан қатардағы жауынгер Жанболат Еспен. Ол әскерге дейін Шымкент қаласындағы жергілікті әскери басқару органдарының бірінде инспектор болып жұмыс істеген. Мерзімді әскери қызметті сәтті өтеп, жағымды мінездеме алған сарбаздар ҰБТ балынсыз-ақ университетке түсе алатынын естіген Жанболат бұл мүмкіндікті жібермей, мемлекеттік грант иесі болуды өзіне мақсат етіп қойған.

Қарағанды гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен Жанболат өзіне жүктелген міндеттерді адал орындап, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық бағдарламасын жоғары деңгейде меңгерді. Қызмет барысында бірнеше рет Астана қаласына іссапарға барып келді. Оның табандылығы мен жауапкершілігі бөлім басшылығы тарапынан жоғары бағаланды. 12 айлық әскери қызметін абыроймен аяқтағаннан кейін, «Көктем – 2024» шақырылымының үздік сарбаздар қатарына кірген Жанболат Еспен мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл қуанышты жаңалықты ол бірден анасы Гүлжаухар Сарсембаеваға жеткізіп, анасының ұлына деген мақтаныш пен шексіз алғысын алған. Қазір Жанболат туған қаласы Шымкентке оралып, «МИРАС» университетіне құжаттарын тапсырып, оқуын бастауға дайындалып жүр. Әскерден запасқа шыққан соң, ол Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандары бойынша біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасына барып, әскери қызмет пен мемлекеттік грантқа қол жеткізудегі жолымен бөлісті. Аталған басқарма бастығының орынбасары, майор Ердәулет Темірбаев: – Жанболаттың жетістігі – әскердің ерлік мектебі ғана емес, болашаққа апарар нақты баспалдақ екенін көрсететін жарқын мысал. Оның жолы – Шымкент жастары үшін үлкен шабыт, – деп атап өтті.

Previous Post

Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету үдерісі цифрландырылуда: «FSM Social» пилоттық жобасы іске қосылды 

Next Post

Шымкентте «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы»​ әлеуметтік көмек көрсетеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі