13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: жергілікті полиция қаладағы дағдарыс орталықтарымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуде

15 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: жергілікті полиция қаладағы дағдарыс орталықтарымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуде
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес тек полицияның күшімен емес, кешенді әдіспен жүргізілуде. Биылғы жарты жылда жаңадан ашылған бөлімдер 728 жәбірленушіні жеке қабылдап, олардың проблемаларын тыңдады. Қауіптілігі жоғары деп танылған 68 агрессор анықталып, олардың 48-і өз еркімен психологиялық көмек алды. Жалпы 68 адамға көмек көрсетілді, оның ішінде 15-і арнайы әлеуметтік, 53-і құқықтық көмекке жүгінді. Қаладағы 4 дағдарыс орталығымен тығыз жұмыс жолға қойылған. 712 әйел орталыққа жүгініп, оның 135-і және 278 бала уақытша орналастырылды. Полиция тарапынан 31 әйел мен 56 бала осы орталықтарға жеткізілген. Бұл орталықтарда 338 әлеуметтік, 1986 психологиялық, 867 құқықтық және 707 консультациялық қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, «Бақытты жанұя» орталығында 227 отбасыға құқықтық кеңес берілді. Қала аумағында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да ауқымды түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның талаптарын насихаттау мақсатында 565 жарияланым жасалды: интернетте – 519, баспасөзде – 14, теледидарда – 15, радио мен ақпарат агенттіктерінде де жарияланымдар шықты. Ашық есік күндері өткізіліп, тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім беру мекемелерінде де алдын алу бағытындағы шаралар қолға алынған. Абай Құнанбаев атындағы мектеп пен №85 мектепте балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу алгоритмі туралы дәрістер өткізілді. Жастар ресурстық орталығында психолог мамандардың қатысуымен «Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2025 жылы сәуір-маусым айларында өткен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында 370 жарияланым жарияланып, 81 іс-шара өткізілді. Іс-шаралар қатарында лекциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер және конференциялар болды. Қарағандыдан басталған челендж-флешмобты Шымкент жалғастырып, кейін Қызылорда облысына жолдады. Бұл акция республикалық деңгейде жоғары бағаланып, бірінші орынды иеленді. Бұдан бөлек, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, Прокуратура, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту, Спорт және Білім басқармаларының өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесе отырып, тоқсан сайын өзекті мәселелерді талқылайтын жиындар өткізуде. Барлық бағыттағы жұмыс бақылауда ұсталып, жүйелі түрде жалғасып келеді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛЫП, АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі