13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Медиация – дауларды шешудің тиімді тәсілі

14 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Медиация – дауларды шешудің тиімді тәсілі
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы “Достық” үйінде «Этномедиация: этносаралық келісім мен татулықтың жолы» атты тақырыпта ауқымды мастер-класс ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашы болған Медиация апталығы аясында өткізіліп отыр.

Медиация апталығы – ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Биылғы апталық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесі мен Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бірлескен бастамасымен жүзеге асып отырғанын айтып өту керек. Бұл іс-шара этносаралық татулық пен қоғамдағы даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу мақсатындағы жүйелі жұмыстың бір көрінісі болды.

Мастер-класстың ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмасы ерекше атап өтілді. Мемлекет басшысы этномедиацияның қоғам үшін маңызын айқындап, бұл салаға жан-жақты қолдау көрсетуді жүктеген болатын. Осыған орай 23-27 маусым аралығы Медиация апталығы ретінде бекітіліп, түрлі түсіндіру және насихат жұмысы қолға алынған.

Шымкентте өткен жиынға қалалық этномедиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор, «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Дана Кенжеқұлова және Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Еркен Отарбаев арнайы қатысты. Олар қатысушыларға медиацияның құқықтық негіздері, қоғамдағы рөлі мен тиімділігі туралы кеңінен мәлімет берді.

Сонымен қатар, заңгерлер, эксперт-блогерлер мен ипотекалық брокерлерге арнап «Этномедиация – татулық пен келісім құралы» атты арнайы тегін шеберлік сабағы өткізілді. Онда этномедиацияның тетіктері мен артықшылықтары түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы тәжірибелік білім берілді.

Жиын барысында қатысушылар этномедиация төңірегінде өз ойларын ортаға салып, мамандарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай іс-шара қоғамдағы дау-дамайларды сотқа дейінгі деңгейде шешіп, өзара келісімге келудің тиімді үлгісі ретінде ерекше маңызға ие болды.

Этномедиация – тек құқықтық механизм ғана емес, қоғамда бейбітшілік пен татулықты сақтауға бағытталған құндылық. Жиынға қатысушылар мұндай іс-шаралар этносаралық қатынастарды нығайтып, бірлік пен ынтымақты одан әрі арттыруға ықпал етерін айрықша атап өтті.

 

Previous Post

Шымкентте республикалық оқу-әдістемелік оқу жаттығу өтті

Next Post

Субсидияланатын жұмыс орындарына арнайы топ мониторинг жүргізеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі