13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Интернет алаяқтары бір реттік код сұраса – сақ болыңыз!

14 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Интернет алаяқтары бір реттік код сұраса – сақ болыңыз!
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы кезде интернет алаяқтары қазақстандықтардың атына заңсыз несие рәсімдеуге тырысып жатыр. Олар азаматтарға хабарласып, банк немесе таныс ретінде өзін таныстырып, SMS арқылы келген бір реттік кодты айтып жіберуді сұрайды. Бірақ бұл кодты беру – өз атыңызға несие алуға келісім беру деген сөз.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

  • Әлеуметтік желі не мессенджер арқылы хабарласады;
  • Банк қызметкері ретінде сөйлесіп, “шотыңыз бұғатталады” немесе “ақшаны сақтау үшін код жіберіңіз” дейді;
  • Кейде “бонус ұтып алдыңыз”, “жүлде алу үшін растау коды керек” деп сендіреді.

Егер кодты айтып қойсаңыз немесе күмәндансаңыз не істеу керек?

  1. Кодты ешқашан ешкімге бермеңіз.
    SMS арқылы келген код – бұл сіздің келісіміңіз. Оны айтып қойсаңыз, алаяқ сіздің атыңыздан әрекет ете алады.
  2. Соңғы уақытта алаяқтықтың жаңа түрі – вишинг (voice + phishing – дауыс  фишингі)шыға бастады. Қаскүнем өзін банк қызметкері ретінде таныстырады.
  3. Егер сізге қоңырау шалып, келесідей ақпаратты ұсынатын болса, сақ болыңыздар:
  4. – Алаяқтық кредитті жою/жабу үшін «қосымша кредитті» ресімдеу;
  5. — Ақша қаражатын сақтау үшін «сақтандыру ұяшығына» аудару;
  6. — Біреу «сенімхат бойынша» клиентке алаяқтық кредит ресімдеді деп қорқыту.
  7. Алаяқ клиентке қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, содан кейін клиенттен оның жеке деректерін — аты-жөнін, ЖСН, сканерленген жеке куәлігін, жеке фотосуретін, карта нөмірін, берілген күнін, CCV және бір реттік кодтарды клиентті қорғау кейпімен сұрайды. Сондай-ақ, алаяқ клиенттен оның құрылғысына қашықтан қосылу үшін қосымша орнатуды сұрауы мүмкін.
  8. Кейін алаяқтардың ықпалымен клиент ӨЗІ кредит ресімдейді, ақшаны өзі аударады немесе алаяққа өзінің мобильді қосымшасына кіруге мүмкіндік береді.
  9. Онлайн ресімдеуден бөлек, терминал арқылы клиенттер банк бөлімшесіне келіп, қолма-қол кредит ресімдеп, ақшасын алып, алаяқтардың есепшотына өздері жіберетін жағдайлар да кездеседі.
  10. Неліктен клиенттер фишингке тап болады:
    Алаяқтар өздерін Қауіпсіздік Қызметінің, экономикалық қауіпсіздікпен байланысты мемлекеттік органдардың (негізінен полиция бөлімшесінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының немесе OLX сатып алушыларының қызметкерлері ретінде таныстырады. Көбінесе олар клиентке алаяқтардың оның ақшасын ұрламақ болғанын айтады. Әрі қарай, клиентті қорғау кейпімен олардан «сақтандыру ұяшығына/сақтандыру шотына» ақша аударуды немесе «қосымша кредитті» ресімдеуді сұрайды. Сосын бір-екі күн ішінде банк кредитті жауып тастайды деп уәде береді. Дәлел ретінде алаяқтар клиентке жалған құжаттарды жібереді, мысалы: жалған жеке куәлік, жалған чектер, жалған кредитті жою туралы шарт.

Біз алаяқтың айлаларына ілініп қалмау тәсілдерін толығырақ айтып береміз.

Күмәнді сайттарға картаңыздың мәліметтерін енгізбеңіз

Сілтемелермен абай болыңыз. Алаяқтар түпнұсқа сайтқа ұқсайтын сайттар жасайды, осылайша сіз сайтқа енгізген барлық ақпарат ұрының қолына түсуі мүмкін. Мәміленің сенімділігіне сенімді болмасаңыз, картаңыздың мәліметтерін (жарамдылық мерзімі, артқы жағындағы cvv/cvc коды) енгізбеңіз.

Картаңыздың фотосуреттерін жібермеңіз.

Картаңыздың фотосуреттерін ешқашан әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз, карта деректерін мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға жібермеңіз.

❌ «Кодты ешкімге айтпаңыз» мәтіні бар SMS-тегі бір реттік кодты ешкімге айтпаңыз.

Телефон нөміріңізге бір реттік код бар SMS жолдау арқылы банк сізді рұқсат етілмеген карта транзакцияларынан қорғайды.

Үшінші тараптың сұрауы бойынша бөгде қосымшаларды орнатпаңыз.

Алаяқтар мәміле жасау үшін ұялы телефоныңызға қосымшаны (мысалы, TeamViewer, Anydesk) орнатуды сұрауы мүмкін. Мұндай қосымшалар алаяқтарға телефоныңызды, сонымен қатар смартфондағы кез келген деректерді толық бақылауға мүмкіндік береді.

Алаяқтар ресімдеген кредитті жою немесе ақшаңызды қорғау мақсатында үшінші тұлғалардың талабы бойынша кредит ресімдемеңіз.

Алаяқтар жалған алаяқтық кредиттің күшін жою немесе қаражатыңызды қорғау үшін сізден кредит ресімдеуді сұрауы мүмкін.
⠀
Егер сіздің картаңыздың деректері алаяқтың қолына түссе не істеу керек?
⠀
1. 7373 нөміріне қоңырау шалу арқылы картаны бұғаттаңыз.
2. Мобильді қосымшада құпия сөзді өзгертіңіз.
3. Картаны қайта шығару үшін филиалға хабарласыңыз.

Біздің ұсыныстарымыз: алаяқты қалай тануға және өзіңізді қорғауға болады?

  1. Өзін «банк қызметкері» деп таныстырған адаммен телефон арқылы сөйлесу немесе хат алмасу барысында сіз алаңдаушылық пен дүрбелеңді сезінуіңіз мүмкін. Себебі алаяқтар «қорқыту және алу» тактикасын жиі қолданады. Қаскүнемдер клиентті аффект күйінде олардың нұсқауларын орындауға эмоционалды түрде қысым жасайды.
  2. Қауіпсіздендіру мақсатында алаяқтар ақшаңызды ұрлап кетпеуі үшін мобильді қосымшада картаңызды бұғаттаңыз. Содан кейін Банкке қоңырау шалып, жағдайды түсіндіріңіз және шотыңызды тексеруді сұраңыз.
  3. Қаскүнемдер құрылғыңызға қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ететін Any Desk, teamViewer және т.б. бөгде қолданбаларды жүктеп алуды сұрауы мүмкін. Ешбір жағдайда жүктемеңіз.
  4. Жоғарыдағы қосымшаларды жүктеп алған болсаңыз, телефонды өшіріп қайта қосыңыз. Бұл сіздің телефоныңызбен байланысты үзіп, алаяқтарды деректеріңізді көру мүмкіндігінен айырады.

Қауіпсіздік жөніндегі кеңестеріміз сізге ешқашан қажет болмайды және алаяқтыққа тап болмайсыз деп үміттенеміз.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

​Ваучерная система: в Шымкенте предприниматели и представители госорганов обсудили вопросы и предложения

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі