13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Абай саябағындағы заңсыз құрылыстар бойынша сот шешімдерінің орындалу барысы

10 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Абай саябағындағы заңсыз құрылыстар бойынша сот шешімдерінің орындалу барысы
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағында орналасқан бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері өткізілді. Бұл нысандарға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті талап арыздар беріліп, заң аясында шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, «Саят» өндірістік кооперативінің «СОХО» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 29 қарашада №5265-24-00-2/3358 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талапты қанағаттандырды. Кейін 2025 жылғы 12 ақпанда Шымкент қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды (№2а-116/25). 2025 жылғы 16 мамырда сотта тараптар татуласу келісіміне келіп, «СОХО» кафесінің ғимараты мемлекет меншігіне өту туралы ұйғарым шығарылды. Абай саябағы аумағында орналасқан «INGOLSTAD» кафесіне қатысты да сот шешімі қабылданды. 2024 жылғы 18 желтоқсанда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты №5265-2-00-2/3880 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талапты қанағаттандырды. Бұл шешім 2025 жылғы 19 наурызда апелляциялық сатыда қаралып, өзгеріссіз қалдырылды. Сонымен қатар, сот алқасы тараптардың медиация тәртібімен татуласу келісімін мақұлдамады. Қазіргі таңда аталған іске байланысты татуласу келісімін бекіту туралы өтініш Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қайта жолданып, іс қаралу үстінде. Ал, «Колизей» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2025 жылғы 24 сәуірде №5265-25-00-2/77 шешімімен мемлекеттік органның талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл шешімге қарсы апелляциялық шағым беріліп, қазіргі уақытта іс сотта қаралу сатысында. Аталған сот істері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарды жою, қала келбетін сақтау және жер заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мәселелер заң аясында әрі кезең-кезеңімен шешілуде.

Previous Post

​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Next Post

​Шымкентте есірткіні жасырын орналастырушы бас бостандығынан айырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі