13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​ШЫМКЕНТТЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

8 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
​ШЫМКЕНТТЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзуға байланысты қайғылы жағдайлар әзірге тіркелмеген. Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, капитан – Темірбек Әли Шатырбекұлы төмендегідей мәлімдеме жасады. Шомылу маусымында адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басты міндеттерінің бірі. Қаладағы климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, судағы жазатайым жағдайлардың алдын алу шаралары биыл сәуір айынан бастап жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні республика бойынша 40-қа жуық адам суға батып кеткен, оның ішінде жасөспірімдер де бар.

Ал Шымкент қаласында су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзуға байланысты қайғылы жағдайлар әзірге тіркелмеген. Анықтама ретінде: 2024 жылы қалада 2 суға бату оқиғасы тіркеліп, оның бірі балаға қатысты болған. 2025 жылғы шомылу маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, қала әкімдігінің арнайы қаулысына сәйкес, шомылу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспар бекітіліп, жауапты мекемелерге тапсырылды. Бұл құжатта әрбір органның міндеттері нақты көрсетіліп, волонтерлік көмек те қарастырылған. Сәуір айынан бері 158 рейд жүргізіліп, демалыс және мереке күндері бұл жұмыс күшейтілген тәртіпте жалғасуда. Нәтижесінде ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 4 адамға жалпы сомасы 55 048 теңге айыппұл салынды. Судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, кинотеатрлар, автобустар мен адам көп шоғырланатын орындарда (вокзал, әуежай, сауда үйлері) LED экрандар арқылы көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, 112 қызметі арқылы тұрғындардың мобильді құрылғыларына күнделікті ескерту хабарламалары жіберілуде.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде: жыл басынан бері 6 брифинг ұйымдастырылып, телеарналарда 24 рет сөз сөйлеген, 26 мақала жарияланған және әлеуметтік желілерде 220 материал орналастырылған. Халық арасында 15 180 жадынама мен буклет таратылды. Қала аумағында шомылуға тыйым салынған орындар тізіміне де өзгерістер енгізілуде. Бұрын бұл тізімде 13 орын болса, қазір олардың саны 30-ға дейін ұлғайтылып, тиісті шешім жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған. Қазіргі уақытта мәселе қалалық мәслихат отырысында қаралуда. Жалпы, шомылу маусымы аяқталғанға дейін – қыркүйек айының соңына дейін – Шымкент қаласының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Отбасын қолдау орталықтарында 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі