13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПЖКР: ҮМІТКЕРЛЕРДЕН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

21 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ПЖКР: ҮМІТКЕРЛЕРДЕН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылғы 1 маусымында басталған Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеуге еліміздің жас мамандары жоғары қызығушылық танытты.
Бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 31 859 адам тіркеліп, оның ішінде 7 436 кандидат іріктеудің келесі кезеңіне жолданды.
Кандидаттардың орташа жасы 31-де, ал орташа еңбек өтілі
8,9 жасты құрады. Бұл ретте кандидаттардың 34,2%-ында басқару тәжірибесі бар.
Қатысушылардың географиясы елдің барлық аймақтарын қамтыған. Өтінімдердің ең көп саны Астана қаласынан (1840 немесе 24,8%), Түркістан облысынан (553 немесе 7,4%), Алматы қаласынан (490 немесе 6,6%), сондай-ақ Қызылорда (420 немесе 5,7%) және Жамбыл (402 немесе 5,4%) облыстарынан келіп түсті.
Кандидаттар мемлекеттік қызмет (4147 немесе 55,8%) пен өзге салаларды (3289 немесе 44,2%) қоса алғанда, кәсіби қызметтің әртүрлі салаларынан құралып отыр.
Кандидаттар арасында 4 741 адам бакалавриат деңгейінде жоғары білімге, 2 550 адам магистрант, 145 адам доктор дәрежесіне ие.
Сондай-ақ кандидаттар арасында 863 шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, 306 «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, 238 Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері бар.
Іріктеудің келесі кезеңіне жіберілген кандидаттар 2025 жылғы
15 шілде сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуге жазылуы қажет.
Жазылу мүмкіндігі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама алған сәттен бастап қолжетімді.
Қатысушы жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтындағы жеке кабинетінде ұсынылған уақыттардың ішінен тестілеу өтетін уақытын таңдауы керек.
Іріктеуге қатысушы барлық кандидаттарға сәттілік тілейміз!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті

Previous Post

ХҚКО-ға бармай-ақ құжат алыңыз: Шымкенттегі постоматтар қызмет көрсетуді жеңілдетті

Next Post

СОЗАҚТА БИЫЛ АЛТЫ АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 380 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі