13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Созақтан — Түркістанға» атты экспедиция ұйымдастырылды

14 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Созақтан — Түркістанға» атты экспедиция ұйымдастырылды
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Елтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарының қатысуымен «Созақтан Түркістанға» атты арнайы экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң баспасөз орталығының жетекшісі Сәбит Тастанбекұлы баяндады.

«Бұл экспедицияға өңірдегі «Ассамблея жастарының» белсенді мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң басшылығы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Сапар аясында облысы аумағын екіге бөліп жатқан Қаратау тауын теріскейден күнгей бағытында жүріп өту көзделді. Экспедиция өз мақсатын жоғары деңгейде орындады деуге болады. Тарихи деректерге сәйкес, бұл жолды Кенесары хан әскерімен уақытты үнемдеу және қысқарту үшін пайдаланған. Экспедицияға қатысушы түрлі этнос жастарын тарихи маршрутты қайта жаңғыртуға, Қаратаудың флора мен фаунасын зерттеуге, фото-бейнетүсірілім жасап, қалың бұқараға жария етуге тікелей қатыстыру болды. Сонымен қатар, аталған маршрутты картаға түсіріп, алдағы уақытта келетін туристерге жол белгілеп беру»-деді спикер.

Сондай-ақ баспасөз жиынында «Turkistan Media Holding» ЖШС-ң басқарушы директоры Тельман Бейсен сапар аясында алған әсерімен бөлісті.

«Экспедиция барысында қатысушылар ең бірінші Қазақ хандығының алғашқы астанасы Созақ қалашығымен танысты. Одан кейін Қарабура әулие кесенесі, Шайхы Ахмет мешіті тарихы туралы жергілікті ақсақалдардан мағлұмат алды. Күнгейге барар жолда саяхатшылар Хақназар хан, Мұхаммед Ханафия кесенелері, Балықшы, Бөгенбай, Құлметей әулиелерге, мың жылдық тұт ағашы өсіп тұрған және Тайқазан құйылған Қарнақ ауылына кіріп, соңында Түркістан қаласына жеттік. Ұзақтығы 110 шақырымға жуық жолды қатысушылар 2 күнде жүріп өтті. Этнос жастарының айтуынша, бұған дейін естіп-көрмеген тарихи-мәдени нысандарды тану арқылы қазақ халқының рухани және ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп, жаңа туристік маршрутты ашуға тікелей қатысу — туған жер тарихына деген қызығушылын арттыра түсті»-деді.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КӨШПЕЛІ СОТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «СОЗАҚТАН - ТҮРКІСТАНҒА» АТТЫ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі