13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өңірінде «Ақылды қала» жобасы жүзеге асырылып жатыр

5 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан өңірінде «Ақылды қала» жобасы жүзеге асырылып жатыр
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аймақтың дамуында маңызды орны бар жобаға қатысты мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Түркістан облысында «Smart city» жобасы жүзеге асырылып келеді. Түркістан облысында «Smart city» жобасы жүзеге асырылып келеді. Түркістан қаласы «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша республика аумағында 2024 жылы 74,6 пайызбен 12-ші орынға тұрақтаған. Аймақтың дамуында маңызды орны бар жобаға қатысты мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров қалаларды цифрландыру, қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды барлық аудан, қала орталықтарында жүзеге асыру керектігін айтты. Түркістан қаласындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. – Заман, технология дамып жатыр.

Жасанды интеллект пен соңғы технологиялық жаңалықтардың игілігін пайдаланып, аймақты дамыту жұмыстарына жаңа жобаларды енгізу керек. Электр үнемдейтін, күннен қуат алатын бастамаларды көбейту керек. Түркістан қаласында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша 2025 жылға арналған Жол картасына қажетті толықтыруларды енгізіп, шұғыл түрде бекітіңіздер. Іске асыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет. Аудан, қалаларда өңірлік инфрақұрылым объектілерін жобалау кезінде «Ақылды қала» жобасының негізгі критерийлерін ескеріп, облыстағы цифрландыру саласына жауапты басқармамен келісуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров. Мәжілісте Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тураби Ертай мен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының осы бағытта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Бүгінгі таңда жауапты министрліктің бекітуімен «Ақылды қала» бастамасы 19 негізгі бағыттан тұрса, Түркістан қаласы бойынша оның 11-і іске асырылған. Қалған 8-ін жүзеге асыру бойынша қалада «ақылды аялдамалар» салу, «ақылды жарықтандыру» жүйесін енгізу, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын (оның ішінде электр энергиясы, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде) «ақылды есептегіштермен» қамту, қала тұрғындары коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін бірыңғай есеп айырысу орталығын құру, облыстық ахуалдық орталығын құру, қала ішінде контейнерлік алаңдарды цифрландыру, қала үшін бірыңғай мобильді қосымша әзірлеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қаласында «Ақылды қала» бастамаларын жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірлеген. Түркістан қаласында қоғамдық тәріп және жол қауіпсіздігін сақтау бағытында бейнекамералар орнатылған. Қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілген. «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеуде. Қаладағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылған. Облыс орталығында 17 «SOS» батырмасы орнатылған. Барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Дамумед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100%-ға қамтылып, жұмыс істеп тұр. 845 шақырымды құрайтын 800-ден астам көшенің 92 пайызына жарықшамдар орнатылған. «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Previous Post

Түркістан облысында 76 шақырымнан астам канал бетондалды

Next Post

Түркістанда мақта және тоқыма базасын салу бойынша келіссөз жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі