Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халықпен ашық диалог орнату, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерді жергілікті жерде жедел шешу. Қоғамдық қабылдау барысында прокуратура, әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын тыңдап, оларға заң аясында нақты жауаптар мен түсіндірмелер беруде.
Бұл бастама – әділетті Қазақстан қағидаттарына сәйкес ашықтық пен есептілікке негізделген басқару жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Іс-шара Сарыағаш, Қазығұрт және Арыс аудандарынан бастау алды. 2025 жылғы 23 маусымнан бастап облыс аумағында «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі» тақырыбымен жылжымалы қоғамдық қабылдаулар өтуде. Іс-шара Сарыағаш, Қазығұрт және Арыс аудандарынан бастау алды. Апта соңына дейін барлық аудандар қамтылады. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халықпен ашық диалог орнату, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерді жергілікті жерде жедел шешу. Қоғамдық қабылдау барысында прокуратура, әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын тыңдап, оларға заң аясында нақты жауаптар мен түсіндірмелер беруде. Бұл бастама – әділетті Қазақстан қағидаттарына сәйкес ашықтық пен есептілікке негізделген басқару жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.Шара аясында прокуратура, ішкі істер, жергілікті атқарушы органдар мен басқада уәкілетті мекемелердің өкілдері қала тұрғындарын көшпелі форматта қабылдап, құқықтық кеңес беріп, азаматтардың өтініштері мен арыздарын тікелей қарастыруда.
«Тәртіп батырлары күні» – бұл құқық қорғау органдарының қоғаммен байланысын нығайтатын, халықтың сенімін арттыратын маңызды қоғамдық акция болып табылады. Мұндай шаралар құқықтық мәдениетті дамытып, қауіпсіз орта қалыптастыруға елеулі үлес қосады.
Іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.




