13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Мектептердің құрылысы зерделеніп, лагерьлердің дайындығы пысықталды

23 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Мектептердің құрылысы зерделеніп, лагерьлердің дайындығы пысықталды
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нысандар пайдалануға берілгенге дейін мониторинг шаралары тұрақты жүргізілетінін қатаң ескертті. Түркістан облысындағы мектептердің құрылысы зерделеніп, лагерьлердің дайындығы пысықталды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түлкібас, Сайрам мен Төлеби аудандарына іссапармен барды. Мектептердің жөндеу жұмыстарын зерделеп, жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығын пысықтады. Түлкібаста орналасқан Ә.Науаи атындағы мектебі 1970 жылы салынған. Жобалық қуаты – 300 орын. 2004 жылы тағы 300 орындық оқу ғимараты салынған. Білім ұясына күрделі жөндеу жүргізу үшін қажет қаражат қаралған. Мердігер мекеме – «Шаңырақ» өндірістік кооперативі. Жөндеу жұмыстары 2026 жылға өтпелі.

Мұнан соң Бейсенбай Дәулетұлы Сайрамдағы білім беру ұяларын аралады. №89 Қайнарбұлақ мектебі жаңғыртудан өтіп жатыр. Салынғанына 13 жыл болған 600 орындық ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «NT-Group» ЖШС. №3 Хамза атындағы мектебі 1973 жылы қолданысқа тапсырылған. 600 орынға арналған нысанға да ағымдағы жөндеу бойынша қаржы қарастырылған. Мердігер мекеме анықталып, «Kemel Story Group» ЖШС міндеттелген. Облыс басшылығы жауапты тұлғалармен кездесу барысында құрылысты сапалы жүргізу, мерзімінде аяқтау және жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді. Нысандар пайдалануға берілгенге дейін мониторинг шаралары тұрақты жүргізілетінін қатаң ескертті. Іссапар жазғы демалыс аймақтарында жалғасты. «Болашақ» лагерінде қазіргі таңда 314 бала демалуда. Оқушыларды 3 ауысымға дейін қабылдайды. Ғимараты 1968 бой көтерген. Б.Тәжібаевтің пікірінше, аумағы кең лагерьді жасыл-желекке айналдырып, орын тапшылығын болдырмау үшін қосымша модульді лагерь салу керек. Келесі жылы қолға алуды жүктеді. Төлебидегі «Алатау» лагері биыл аудандық әлеуметтік қорғау жүйесінен білім басқармасының теңгеріміне өткен болатын. 300 орынды ғимарат ағымдағы жөндеуден өтуде. Жаңа 270 шаршы метрлі бассейн салынды. Лагерь аумағында асхана, акт және спорт залы, жазғы концерт алаңшасы бар. Материалдық-техникалық базасы түгел жаңартылды. Облыс әкімінің орынбасары тазалық шараларын күшейтуді және тездетіп ашуды міндеттеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Отырардағы тазалық мекемесіне жаңа техникалар табысталды

Next Post

ТҮРКІСТАН: Өңірде жұмыспен қамтылғандар саны артты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі