13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕР ТОҒАНДАРДА 80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР

14 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕР ТОҒАНДАРДА 80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Балық шаруашылығын дамыту Мемлекет басшысының алға қойған маңызды міндеттерінің бірі. Осыған орай, Төлеби ауданының аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Киелітас ауылдық округіндегі «Fish House» ЖШС-на арнайы барып, балық шаруашылығын қолға алған серіктестік жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Нұртас Шағыров аудан әкіміне балық шабақтары жіберілген арнайы бассейндерді көрсетіп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
️
Кәсіпкер балықтың сазан және форель түрін уылдырық арқылы көбейтіп, арнайы жасалған тоғандарда бекіре балығын өсіруді қолға алған. Инвестиция құны – 400 млн теңге. Арнайы жасалған бассейндерге 15 тонна сазан шабағы, 60 тонна форель, 3 тонна бекіре тұқымдас балығын жіберген. Кәсіпкер бүгінгі таңда 50 ауыл тұрғынын уақытша жұмыс орнымен қамтып отыр. Алдағы уақытта 30 адамды тұрақты жұмысқа тарту көзделген. Сонымен қатар, қожалық иесі өз қаржысы есебінен жол бойына замануи балалар ойын алаңшасын салып, халыққа пайдалануға беруді жоспарлауда.

Кәсіпкер форель балығын салқын кезде арнайы орында өсіріп, күз мезгілінде ашық бассейнге жіберетінін айтты. Бұған қоса, ауданға келуші туристерге балықтың бірнеше түрін ұсынып, этно стильде дәмхана ғимаратының құрылысын жүргізетінін жеткізді. Тоған айналасына ерекше жеміс ағаштарын егіп, абаттандыруды қолға алған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «СОЗАҚТАН - ТҮРКІСТАНҒА» АТТЫ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

ТҮЛКІБАСТА БАЛЫҚТЫҢ БАҒАЛЫ ТҮРЛЕРІН ӨСІРУ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі