13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік арулар «Мергендер шебі» іріктеу жарыстарына қатысады

11 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік арулар «Мергендер шебі» іріктеу жарыстарына қатысады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде қызмет ететін қыз-келіншектер Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіретін «Мергендер шебі» іріктеу жарыстарына қатысады.

Аға сержант Назима Қалмұратова мен кіші сержант Әйгерім Қалиева бөлім біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсетіп қазір өңірлік іріктеу кезеңінде өзінің мергендігі мен физикалық төзімділігін дәлелдеуге дайын.

Өңірлік жарыстар кезінде үміткерлерге психологиялық тестілеу, дене дайындығы бойынша нормативтер, Драгунов мерген мылтығынан, Калашников автоматынан және Макаров тапаншасынан ату жаттығулары орындалады. Қатысушылар күндізгі және түнгі уақытта, сондай-ақ атысқа арналған түрлі позициялардан орындайды.

Алдағы сайысты жақсы нәтижелерді көрсету үшін қыздар бір ай бойы «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында бірнеше қару-жарақпен жаттығу жасап, өмір сүрді. Қыздар әртүрлі қашықтықтарда орналасқан нысаналарды бағындыруды меңгерді, ал ең алшақ орналасқан нысананың қашықтығы 800 метрге жетті.

«Қолыма қару алған сайын, мен атыс сабақтарында қараңғыда жанып жатқан темекі басына және жылжымалы нысананы бір шақырым арақашықтығынан дәл тигізген апамыз Әлия Молдағұлованы еріксіз есіме түсіремін. Оның үлгісі мен біздің дайындығымыз алдағы жарыстарда маған көмектесетініне берік сенемін», — деп бөлісті Әйгерім Қалиева.

Айта кетсек, «Мергендер шебінің» өңірлік кезеңі «Отар» 40-шы әскери базасының оқу полигондарының бірінде өтеді, ал 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жыл сайын онда жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

ШҚО-да қар көшкінінің жүруінен турист қаза болды

Next Post

Әскери колледждің шәкірті атанғыңыз келеді ме?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі