13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРМАН АБДУЛЛАЕВ:ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

19 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
АРМАН АБДУЛЛАЕВ:ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда ауданда шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Әсіресе мемлекеттік гранттар біраз адамның кәсіп бастауына баспалдақ болып келеді. Осы ретте, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес, қайтарымсыз грант алып, кәсібін жүргізіп отырған азаматтардың жұмысымен танысты.

Алдымен Д.Турсынбаевтың тіс емдеу емханасына барып, жұмыс барысын аралап көрді. Кәсіпкер аудан әкіміне жұмысы барысы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі жеке кәсіпкердің жұмысына толағай табыс тіледі.

Сарыағаш қаласының тұрғыны, көпбалалы әке Д.Турсынбаев 2024 жылы мемлекеттен қайтарымсыз несие алып,тіс емханасына қажетті құрал-жабдықтарын алып, бүгінде кәсібін дөңгелетуде. 1 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған.

Содан соң, Арман Абдуллаев Б.Сулейменованың медиа студиясына барып,кәсіпкермен тілдесті. Көпбалалы ана 2024 жылы мемлекеттік грант алып, «Декаративті локациядағы видео және фото» бағытында медиа студиясын ашып, бүгінде медиа саласын дамытуда. Жас кәсіпкерлердің жұмысымен танысқан аудан әкімі:

-Қайтарымсыз грант берудің басты мақсаты — ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту. Кез-келген елдің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі-жұмыспен қамтылған халықтың үлгісі.Сондықтан қазіргі таңда жұмыссыз жүрген азаматтардың екі қолға бір күрек табуына, жұмыспен қамтимын, кәсіп бастаймын деушілерге мол мүмкіндік жасалып, кәсіпкерлер саны да артуда. Ауданда жек кәсіпкерлер санының артуы бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы. Дана халқымыз «Еңбек – ырыстың қадірі» дегендей бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін, атқарып жатқан еңбектеріңіздің берекесін берсін!, — деді.

Сонымен қатар, аудан басшысы Г.Ақбердиеваның құс шаруашылығы бағытындағы және А.Халбаеваның ротанг материалынан жиһаз жасау отбасылық кәсіптерін арнайы аралап,көрді.

Жас кәсіпкер Г.Ақбердиева құс шаруашылығын дамыту бағытында мемлекеттен қолдау тауып, «Береке» отбасылық шаруашылығында бөдене құсын өсіріп, құс етін және жұмыртқасын сатылымға шығарып отыр.

Жеке кәсіпкер, көпбалалы А.Халбаева мемлекеттен қайтарымсыз грант алып,жиҺаз жасап шығаратын шағын цехын ашып,отбасылық цехтың жұмысын жолға қойған. Шағын цехта ротанг материалынан жиһаз, оған қоса темір бұйымдар жасап шығарады. Бүгінде,кәсіпкер 2 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

 

Previous Post

БӘЙДІБЕК: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН: ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТА БЕЙІМДЕУГЕ КҮШ САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі