13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АСЫҚАТАДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

21 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
АСЫҚАТАДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында назардан тыс қалмайтын денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту ісін жүйелі түрде жүзеге асырып отырған Жетісай ауданында тағы бір медициналық орталық бой көтерді.

Жеке кәсіпкер Елдос Байыспаевтың жеке инвестициялық қаржысы есебінен 2 млрд теңгеге салынған «Samruk Medical clinic» кең ауқымды медициналық орталығында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуға және жергілікті халыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы медициналық қызмет алуларына барлық жағдайлар жасалған.

2024 жылдың мамырында құрылысы басталып, 2565 шаршы метр аумаққа орналасқан денсаулық сақтау нысанында терапевт, кардиолог, травматолог, хирург, лор, эндокринолог, ересектер мен балалар невропотологы, иммунолог, гастроэнторолог, дерматолог, офтальмолог, стамотолог, гинеколог, УЗИ дәрігері, ретгенолог, нефролог, инфекционист, лаборант дәрігер, аллерголог, реаниматолог, психолог, педиатор, күндізгі стационар дәрігері, уролог, социолог, провизор, физиотерапевт, фтизиатр, жалпы практика дәрігерлері сынды 130 жоғары санатты ақ халатты тұрақты жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар, күрделі оталардың кез-келген түрін жасау мүмкіндігі қарастырылып, балалар мен ересектерге арналған вакцина бөлмелері мен зертханалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға жеделсаты (лифт) жұмыс істейді. Жергілікті және облыстық деңгейдегі ауруханаларға тасымалдайтын замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған жедел жәрдем көліктері де бар.

Бүгінде қолданысқа толықтай дайын орталықтың күндізгі стационарында 10, тәуліктік стационарында 40, терапия бөлімінде 20, ал, травмотолгия бөлімінде 10 төсек орын қарастырылған.

Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында өткен жылы Түркістан облысында құрылысы жүргізілген 48 медициналық-санитариялық алғашқы көмек беру нысандарының 6-ы Жетісай ауданында бой көтерген болатын.

 

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША БИЫЛ 64 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Next Post

АНА МЕН БАЛА ӨМІРІ-ЕҢ ҚЫМБАТ, ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі