13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

14 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жетісай ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Шара Жетісай қаласындағы «Б.Саттарханов» атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған халық ерекше белсенділікпен қатысты. Жиналған тұрғындардың қарасы көп болды, бұл халықтың әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамайтынын және мұндай қабылдаулардың қажеттілігін айғақтайды.
Аталған қоғамдық қабылдау партияның «Құқықтық көмек» жобасы аясында өтті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев өзі бастаған қабылдауға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Ербол Ералиев пен Талғат Қаржауов, аудандық мәслихат депутаттары, Түркістан облысы мен Жетісай ауданына қарасты бірқатар мекемелердің өкілдері, нақтырақ айтар болсақ, облыстық және жергілікті прокуратура, экология, ауыл шаруашылығы, ветеринария, табиғатты қорғау салалары, полиция, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби заңгерлер, адвокаттар мен нотариустар, банк өкілдері, салық саласының мамандары мен жеке сот орындаушылары қатысты. Тұрғындардың мұң-мұқтаждары мен өтініштерін, ұсыныстарын тыңдап, заң аясында көмек көрсетті.
«Бүгінде халық шағымын айту үшін облыс орталығына барып әуре болмайды. Қажетті салалар бойынша мамандардың бәрі осында келіп, тікелей қабылдау өткізеді. Бұл партия тарапынан қолға алынған тың әрі тиімді тәсіл. Осынау қабылдаулардың нәтижесінде халықтың өтініштері мен ұсыныстары тікелей құзырлы органдарға жеткізіліп, жедел шешімдер қабылданып келеді. Бұрындары қабылдауға кіре алмай жүрген басқарма басшылары мен жауапты мамандардың бәрі осында, елдің алдында. Біз ашықтық пен әділдік қағидатын ұстанамыз» деген облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев көшпелі қабылдаулардың маңыздылығы мен басты мақсатына тоқталды.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым мен жол жөндеу, жер телімдері, салықтық төлемдер мен банк есепшоттарына қойылған шектеулерді алып тастау, жеке сот орындаушылардың қызметақысын қысқарту, балалардың атынан жүріп жатқан атқару істері бойынша заңгерлік кеңес сұрау сияқты мәселелер көтеріліп, құқықтық кеңестер берілді.
Жетісай қаласында бастау алған партияның мобильді көшпклі қоғамдық қабылдауы тұстен кейін Қарақай ауылдық округінде де жалғасып, азаматтардың көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауаптар берді, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдарын көрсетті.
Previous Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО: 20-ға жуық инвестициялық жоба бойынша келіссөздер өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі