13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

13 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысында «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Оның ішінде, 83 554-і тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орны. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен бұл саладағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

Аталмыш мәселеге байланысты Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Түркістан облысы Еңбек мобильділігі орталығынның директоры Абзал Казанкаповты қабылдап, ауданда ашылып жатқан жаңа жұмыс орындары арқылы тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы кедейшілік шегін түсіру, әлеуметтік қорғау саласындағы индикаторлардың орындалуын бақылау, мүгедектігі бар адамдар мен пробация қызметі есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамтуды үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында Абзал Дәулетәліұлы халықты жұмыспен қамту саласындағы 4 айында облыс аумағында жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша 7883 жұмыс орнын ашу жоспарланып, 12031 жұмыс орны құрылғанын, нәтижесінде, 1 айда 4148 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылғанын, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы аясында 1747 жұмыс орны, 1 айдың ішінде 775 жаңа жұмыс орны ашылғанын, ұлттық жобалар аясында 321 азамат жұмыспен қамтылғанын жеткізді.

Сонымен қатар, жүздесуде өз кәсібін бастаймын, адал еңбек етемін деушілерге берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттардың бірінші легі бойынша Жетісай ауданына берілген 75 орынға 150 азаматтың құжат тапсырғаны, бизнес жобаларды қаржыландыруда қатаң бақылау жүргізілетіні және мемлекет қаржысының әр тиынының есебі сұралатыны да нақты айтылды.

Жүздесу соңында Серік Үсенұлы Еңбек мобильділігі орталығына бекітілген бағдарламалар мен жоспарлардың жүзеге асуына әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін айтты.

 

Previous Post

ЖЕТІСАЙ: АУДАН БАСШЫСЫ АППАРАТ МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗІП, БІРҚАТАР НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Next Post

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі