13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: FSM Social мобильді қосымшасына қатысты оқыту-семинары өтті

13 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ: FSM Social мобильді қосымшасына қатысты оқыту-семинары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсесінің» өңірлік үйлестірушісі Темур Муратовтың қатысуымен FSM Social мобильді қосымшасына арналған оқыту-семинары өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – FSM Social ақпараттық жүйесін қолдану арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау және оларға жедел әрі кешенді қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізетін мобильдік топтардың қызметін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік саладағы цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды үйрету.

Жиынға аудан әкімінің салалық орынбасары, аудандық полиция бөлімі мен пробация қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары, ауылдық округтер мен кент әкімдері, әлеуметтік сала қызметкерлері, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және қоғамдық комиссиялардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, FSM Social қосымшасының тиімділігі мен әлеуметтік саладағы өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ғалымбек Боранбек жобаның облыстық деңгейде жүзеге асырылу барысын баяндады.

Өз кезегінде сөз алған Темур Муратов FSM Social жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері, оны қолдану тәртібі, мамандардың жұмысын оңтайландырудағы рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Ол аталған қосымша адами фактордың әсерін азайтып, шешім қабылдау сапасын арттыруға, уақытты тиімді басқаруға, сондай-ақ нейрондық желілер мен жасанды интеллект арқылы өнімділікті көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сауалдар жолданып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Next Post

КЕНТАУДА ОҚУШЫЛАР МЕН ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ САПАЛЫ ТАМАҚТАНУЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі