13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ ПӘТЕР САНЫ  66-ҒА ЖЕТТІ

12 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ ПӘТЕР САНЫ  66-ҒА ЖЕТТІ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан орталығында тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Жеткіншек мөлтек ауданында жеке инвесторлардың қолдауымен 2 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әр үйде 8 пәтерден, жалпы 24 пәтер қарастырылған. Сонымен қатар, екі пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның демеушілігімен 2 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлерде 16 пәтер орналасады. Осылайша, қазіргі таңда аудан орталығында салынып жатқан жаңа пәтерлердің жалпы саны 66-ға жетті.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Ол жауапты мердігерлер мен құрылыс саласының мамандарына құрылыстың сапасын басты назарда ұстауды, жұмыстарды бекітілген өндірістік кестеге сай жүргізуді және жұмыс күшін арттыру қажеттігін ескертті.

Сапар барысында аудан басшысы Шолаққорған ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын да бақылауға алды. Атап айтқанда, жаңадан салынып жатқан аудандық кітапхана ғимараты мен 200 орындық заманауи «Спорттық-сауықтыру кешенінің» құрылысы назарға алынды. Бұл кешенде спорттың түрлі бағыттары қамтылмақ. Мердігер мекеме өкілдерімен және тиісті сала мамандарымен кездескен аудан әкімі нысандардың уақытылы әрі сапалы аяқталуын тапсырды.

Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Достар» стадионының да құрылыс аумағында болды. Бұл жерде 450 орындық көрермендер алаңы, жүгіру жолағы және стандартқа сай үлкен футбол алаңы бой көтеруде.

Аудан аумағындағы ауылдар мен елді мекендердің ішкі жолдарын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.

Бүгінгі күнге дейін Құмкент ауылы мен Қызылкөл елді мекенінде жалпы ұзындығы 11,21 шақырым болатын ішкі көшелерге асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар Ақсүмбе, Сарыжаз, Шаға және Раң елді мекендеріндегі ұзындығы 6,51 шақырымды құрайтын ішкі көшелері де асфальтталды.

Қазіргі таңда өзге ауылдар мен елді мекендерде де ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, биылғы жылы ішкі жолдардың сапасын арттыру мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артты. Бұл қаржы есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ауылішілік көшелерге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төсеу көзделген.

Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 14,2 шақырым болатын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Өткен жылы да аталған бағдарлама шеңберінде ауданда 25 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, барлығы 26,1 шақырым жол жаңартылды. Бұған қоса, аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төселген болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Previous Post

Шымкенттік 50-ге жуық маман сертификатталған тәлімгер атанды

Next Post

БӘЙДІБЕК: АУДАНЫНДА САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛЕНДІРУ ЖӘНЕ СУБСИДИЯ АЛУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі