13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

11 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамдағы заң мен тәртіп — бұл адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттейтін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі қағидалар. Заң — бұл мемлекеттің шығарған ресми ережелері мен нормаларының жиынтығы, ал тәртіп — сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін жағдай мен жағдайларды білдіреді. Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі қоғамның дамуына, адамдардың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады.

Бүгін ауданда «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлы, ауыл округ әкімдері, мекеме басшылары, ата-аналар комитеті, білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Жиынды аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ашып, құқық бұзушылыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды жою басты міндет екенін атап өтті.

Шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы баяндама жасап, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, және жасөспірімдердің жауапкершілігі жөнінде маңызды мәліметтермен бөлісті.

Жалпы ауданда құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған іс-шаралар жоспары бектіліп, профилактикалық жұмыстар күнделікті бақылауға алынған. Сондай-ақ, жасөспірімдердің түнгі уақытта жүрмеуін бақылау мақсатында рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Келелі басқосуда Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының директоры Хадиша Қылышаева отбасы құндылықтары, мұғалім мен қоғам арасындағы ынтымақтастық жөнінде өз пікірін білдіріп, жиынға арнайы келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізген департамент басшылығына алғысын айтты.

Жиынды департамент басшысы Ерболат Темірболатұлы қорытындылып, қоғамдағы тәртіп пен тыныштықтың кепілі заңға деген құрмет пен оны сақтау екендігін айтып, қоғамда өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығын жеткізді.

 

Previous Post

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамассыз ету жұмыстары бақылауда

Next Post

Шымкенттік 50-ге жуық маман сертификатталған тәлімгер атанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі