13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

10 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыруға арналған ауқымды оқыту семинары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау қызметтерін заманауи цифрлық форматқа көшіру арқылы олардың тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің» басшысы Сағындық Фарида ханым жетекшілік еткен жобалық топ мүшелері қатысты. Аталған топ әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бағытындағы пилоттық жобаны жүзеге асыруда. Сонымен қатар, семинарға Түркістан облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасы басшысының орынбасары К.Мирова арнайы іссапармен келіп, жұмыс барысымен танысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары С. Тұрсынқұлов ашып, жүргізіп отырды. Оқыту семинарына Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің, аудандық орталық ауруханалар мен емханалардың, білім беру ұйымдарының (мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар), әлеуметтік педагогтар, ауыл округі әкімдері мен аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары белсене қатысты.

Семинар барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен енгізіліп жатқан FSM Social ақпараттық жүйесі мен Socium автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ) туралы кең көлемді ақпарат берілді. Бұл платформалар әлеуметтік қолдау шараларын көрсету барысында процестерді толықтай автоматтандыруға, мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы ақпарат алмасуды жеделдетуге және тиімдірек етуге бағытталған.

Цифрлық жүйелердің артықшылықтары ретінде адами фактордың ықпалын азайту, шешім қабылдаудағы дәлдікті арттыру, мамандардың жұмыс жүктемесін жеңілдету және қызмет алушылардың мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін арттыру атап өтілді. Сонымен қатар, мобильді қосымшалар арқылы азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, өтініш беру мен құжат тапсыру рәсімдерін жеңілдету мәселелері де қозғалды.

Семинар қорытындысында қатысушылар жаңа жүйелердің артықшылықтары мен енгізу тетіктері бойынша өз пікірлерін ортаға салып, нақты ұсыныстар мен сұрақтарын қойды. Оқыту шарасы әлеуметтік саланы цифрландыру жолындағы маңызды қадам ретінде бағаланды.

 

Previous Post

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІНЕ ЖАУАПТАР ҰСЫНЫЛДЫ

Next Post

КЕЛЕС: МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі