13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

9 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Шомылу маусымы басталмай ақ, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан Шардара су қоймасы жағалауындағы демалыс аймағының кәсіпкерлеріне және демалушылар мен балық аулаушыларға судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп отыр. Аудан әкімінің қаулысына сәйкес осы іс-шаралар жүргізу бойынша тиісті бөлімдердің құрамында жұмысшы топ құрылған.

— Кәсіпкерлерге, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін рейдтік іс-шара барысында, патрульдеу кезінде және жиналыстарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр;

— Бүгінгі таңға Шардара су қоймасында, Сырдария өзені, Қызылқұм магистралды каналдарында су айдынында қауіпсіздік талаптарын сақтамаған, тыйым салынған орындарды шомылғаны, жас балаларын қараусыз қалдырған азаматтарға ҚР ӘҚБтК 412 бабына сәйкес 12 айыппұл салынды;

— Кәсіпкерлерге суға шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында акватория учаске түбін тазалау жұмыстарын жүргізу және «құтқарушы» дайындық курсынан өткізілуіне 7-өтініштері қабылданды. 11 құтқарушы дайындалып, құжаттары берілді, 3 демалыс аймақтың түбін тазалау жұмыстары жүрігізілді;

— кәсіпкерлерге демалыс аймағы белігіленген шомылу орынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Су айдындарындағы қауіпсізідік қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Респуликасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығының талаптарына сәйкес өздеріне бекітілген аумақта іс-шараларын ұйымдастыру бойынша ілеспе-хат берілген;

— жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орнын ұйымдастырушының бастамасы бойынша киім ауыстыруға арналған кабиналар (50 адамға 1), дәретханалар (50 адамға 1, шомылу орнынан кемінде 50 метр және 150 метрден аспайтын қашықтықта), шезлондар, тенттер мен шатырлар орнату талап етіледі;

— Сонымен қатар рейд барысында қосымша талаптарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі жөнінде хабарлаймыз.

Құрметті Шардара ауданының тұрғындары мен қонақтары судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!

Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзған немесе орындамаған азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 412-бабына сәйкес айыппұл әкеп соғатындығы жөнінде ескертеміз!

 

Previous Post

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ 

Next Post

«Теңізшевройл» делегациясы Шымкент кәсіпкерлерінің өнімдерімен танысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі