13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ ФИНЛЯНДИЯ МЕН ЭСТОНИЯДА БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУДЕ

9 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ ФИНЛЯНДИЯ МЕН ЭСТОНИЯДА БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының педагогтары білім беру саласындағы сапаны арттыру мақсатында шетелдік тәжірибелерді белсенді түрде меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің Нұралхан Көшеровтың тікелей қолдауымен жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның басшылығымен ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру арқылы білім беру сапасын арттыру және жаңа көшбасшыларды анықтау мәселелері бірінші кезекке қойылған. Бұл бастамалар өңірдегі білім жүйесінің жаңаруына серпін беріп, ұстаздар қауымының әлемдік тәжірибелермен танысуына мүмкіндік туғызуда.

2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық бағдарламасының аясында Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен халықаралық оқыту курстары өткізілді. Бұл курстар үш кезең бойынша ұйымдастырылып, бірінші кезеңі онлайн форматта, екінші кезеңі Алматы қаласында өткен. Үшінші кезеңде іріктелген ең үздік педагогтар Финляндия мен Эстония мемлекеттеріне арнайы барып, сол елдердің білім беру жүйесінің үздік тәжірибелерімен танысты. Бұл сапарлар мұғалімдердің білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара ретінде қарастырылуда.

Финляндия мен Эстония білім беру жүйелері әлемдегі ең үздіктер қатарында саналады. Осы елдердің тәжірибесін зерттеу арқылы түркістандық педагогтар өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, заманауи білім беру әдістемелерін меңгерді. Мұғалімдер «Мұғалімдердің болашақтағы және заманауи білім беру сапасын арттыру» тақырыбында семинарларға қатысып, инновациялық оқыту тәсілдері мен басқару әдістерін үйренді. Бұл білімдер алдағы уақытта облыстың мектептерінде сапалы білім беру үрдісін қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізеді.

Сонымен қатар, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен облыс әкімдігі бірлесіп, республикада алғаш рет Түркістанның 41 педагогы арнайы менеджмент курстарынан өтті. Бұл курстар ұстаздардың басшылық қабілеттерін дамытып, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Халықаралық деңгейде ұстаздар Жапонияда «lesson study» әдісі бойынша, АҚШ-та «инклюзивті білім беру», Қытайда «техникалық және кәсіптік оқыту» бағыттарында тәжірибе алмасты. Бұл бағыттар әлемдік білім беру трендтерін ескере отырып, Түркістан облысының білім саласындағы деңгейін көтеруге арналған.
Жаңа оқу жылы басталғанда, педагогтар білімін жетілдіру жұмыстары жалғасын табады. Олардың Франция, Малайзия, Сингапур сияқты алпауыт елдерде арнайы тәжірибелік курстарға қатысуы жоспарланған. Бұл курстар «Келешек мектептері» мен «Мақсатты мектеп» жобаларына қатысатын мұғалімдерге арналады. Мұндай халықаралық тәжірибе педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, білім беру жүйесінің инновациялық әдістерін енгізуге, сонымен қатар облыс мектептерінің заманауи талаптарға сай білім беру стандарттарын орындауына ықпал етеді.

Облыста ұстаздардың кәсіби дамуындағы бұл ауқымды жұмыс – білім сапасын арттырудағы маңызды қадам. Педагогтар өз білімдері мен шеберліктерін шыңдай отырып, шәкірттерге заманауи, сапалы білім беруге ұмтылады. Бұл өз кезегінде Түркістан облысының білім беру жүйесінің одан әрі дамуына және еліміздің бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Осылайша, білімді болашақ ұрпақ тәрбиелеу міндеті нәтижелі шешімін тауып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосады. Облыс басшылығының және білім саласының мамандарының үйлесімді жұмысы нәтижесінде Түркістан облысы еліміздегі білім беру жүйесін жаңғыртуда бірегей үлгі болып табылады.

 

Previous Post

ҚЫТАЙ САПАРЫ: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БЕЙЖІҢДЕ 20-ДАН АСТАМ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖАТАҚХАНАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі