13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан : Сарыағаш ауданында егістік алқабы 70 мың гектарға жеткізілмек

10 февраля, 2021
in Экономика
0
Түркістан : Сарыағаш ауданында егістік алқабы 70 мың гектарға жеткізілмек
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жасалған үш жақтама келісім бойынша бекітілген 26 көрсеткіштің 24-і орындалған. Ауданда былтыр өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 86 млрд. теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен орындалуы 92 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде қарқынды жеміс бауы 100 га, жүзім бауы 110 гектарға артты. Сондай-ақ ауданда 40 бірлік шағын мал бордақылау алаңы,    9 бірлік жанұялық сүт аулалары құрылды.

Биыл ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 69,7 мың гектар жерге егіс егу жоспарлануда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бір алқаптан жылына екі-үш өнім алу жобасы аясында былтыр 100-ге жуық шаруа қожалықтарын қатыстыру жоспарланған. Ал, биыл олардың саны төрт есе артып, 400 — ге жеткізу көзделген.

Сонымен қатар, 30 гектар жерге жылыжай салу, 600 гектар жерге тамшылатып суару әдісін енгізу, 80 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жоспарланып отыр. Ауданда осы жылы 1 мың бастан жоғары мал бордақылау алаңы салынбақ.

Ағын су жүйесін дамыту мақсатында былтыр 607,5 млн. теңгеге 27  шақырымды құрайтын 5 нысан жөндеуден өткізілді. Соның нәтижесінде 364 га суармалы жер қайта айналымға қосылып, 2180 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды. Биыл осы бағытта 767,3 млн. теңгеге 62 шақырымды құрайтын 11 нысан жөндеуден өткізілмек. Қайта айналымға қосылатын суармалы жер көлемін қосымша 230 гектарға және 2336,5 га жерге су өткізу мүмкіндігін жақсарту жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзCарыағашАуыл шаруашылығыТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан : Сарыағаш ауданына 85 мың турист келді

Next Post

Салықтарды пайызсыз төлеуге арналған қосымша іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі