13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

3 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы полиция департаментінде ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасының ресми ашылуы өтті. Кеңес жұмысына ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, департаменттің жедел құрылым қызметкерлері және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кеңестің мүшелері қатысты.

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Есірткі мәселесі ушығып барады. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деген болатын. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Осы ретте, республика көлемінде «Қарасора — 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі. Сондықтан барлық мүдделі тараптарды бірлескен, үйлесімді жұмыс жасауға шақырамын! – деді жиынға қатысушылар.

Іс-шараның басты мақсаты — есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау фактілерін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту. Ауқымды шараға арнайы техника, дрондар және тікұшақтар тартылып, өңірде 18 мобильдік топ құрылды.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдарда екі бақылау-өткізу бекеті орнатылды. Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Саховтың мәлімдеуінше, заңсыз айналымнан 200 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп, екі бірдей фитолабораторияның қызметі тоқтатылған. Сондай-ақ ҚР ІІМ өкілдері Халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен Яссы колледжінің студенттерімен кездесіп, есірткінің ағзаға зияны мен қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Отырыста ведомствоаралық штаб пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мәжілістері өткізіліп, атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер нақтыланды. Жиын соңында қатысушылар құқық қорғау органдары, жергілікті билік пен қоғамның есірткіге қарсы күресте, әсіресе жастар арасында есірткіге төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудағы бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Previous Post

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі