13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

3 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тіркелмеген құрылғыларды Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тапты. Тиісті шараларды қабылдау үшін бұл іс жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді. Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі бүгінде судың «көлеңкелі» нарығымен күрес жүргізіп жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі судың «көлеңкелі» нарығымен күрес жүргізіп жатыр. Тексеру барысында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады.
Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Сондай-ақ жергілікті әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 20 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 26 заң бұзушылық анықталып, 10 ұйғарым шығарылып, 13,3 млн теңге сомасына 133 әкімшілік айыппұл салынды. 2024 жылы бассейндік инспекциялар 439 тексеру жүргізіп, оның барысында 1 855 заң бұзушылық анықталып, 429 ұйғарым шығарылды. Жалпы сомасы 48,4 млн теңгеге 582 әкімшілік айыппұл салынды.
«10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, бассейндік инспекциялар қадағалау және жедел әрекет ету шараларын қабылдау құқығына ие болады. Сонымен қатар Су кодексіне сәйкес, Әкімшілік кодекске де өзгерістер енгізіліп, су заңнамасын бұзғандарға жазалау шаралары күшейтіледі»,
* деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Next Post

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі