13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының спортшылары экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылды

3 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының спортшылары экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылды
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Түркістан Облыстық Жоғары Спорт Шеберлік мектебі» КММ мекеме қызметкерлері мен спортшыларына «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің мақсаты — дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз  ету, спортшылар арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы спортшылардың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Қ.Мырзабай қатысты.

Дінтанушы маман интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған.

Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді.

Спикерлер өз сөздерінде діни экстремизмнің қаупін жеткізе отырып, дінді бетперде ретінде пайдаланатын теріс идеологияны жастар арасында белсенді таратылып жатқанын атап өтті.

Осы орайда, радикалды сипаттағы діни ағымдардың мемлекеттің зайырлылық қағидатын қабылдамауды алдыңғы қатарға қоятындығы жеткізілді.

Іс-шараға арнайы шақыртылған мамандар жат ағымдардан келетін қауіп-қатерлерді спортшыларға кеңінен түсіндіріп, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді берік ұстануды, сол арқылы түрлі экстремистік идеологияларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға шақырды.

Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауап берілді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Next Post

ТҮРКІСТАН: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі