Түркістан қаласында өнер және медиа саласында жүрген танымал азаматтардың қатысуымен футболдан «Show match» атты жолдастық кездесу өтті. Аталған іс-шара лудомания мен есірткіге қарсы күрес идеясын қолдауға, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Ойын «Лудомания және есірткіге қарсымыз!» ұранымен өтті.
«Turkistan Arena» алаңында өткен кездесуде «Turkistan» және Қазақстан құрамалары өзара бақ сынап, кім мықтыны анықтады. Ойын тартысты өтіп, көрермендер 10 голдың куәсі болды. Тартысты ойын 5:5 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде «Turkistan» командасының жігіттері жеңіс тұғырынан көрініп, 5:4 есебімен басым түсті.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, қала тұрғындарымен бірге тартысты ойынды тамашалады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі