13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміз бойынша дарынды, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталған Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыстары Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған болатын. Осы бағытта жастар арасында төртінші рет мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу жұмыстарына өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Абылайхан Наурызбаев мәлімдеді.

«2019, 2021 және 2023 жылдары іріктеулерге еліміз бойынша жалпы саны
60 мыңнан астам азамат қызығушылық танытып, олардың ішінен кадрлық резервке 400 адам қабылданды. Қазіргі таңда резервке алынған 400 адамның 318-і мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмыс істеуде. Биыл Президенттік жастар кадр резервіне төртінші рет іріктеу өткізуді жоспарлап отырмыз. Үміткерлерге қойылатын талаптар — кандидаттың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімінің болуы, бес жылдан кем емес еңбек өтілінің және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен болмауы тиіс. Іріктеуге қатысуға Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар жіберілмейді. Бұл жылғы іріктеу алты кезеңнен тұратын болады. Қорытынды нәтижелер осы жылдың қазан айының соңында жарияланады. Осы ретте айта кететін жайт ел мүддесіне адал қызмет етемін деген жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырамын»-деді департамент басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Түркістандықдар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі