13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 80 әскери міндетті Отанға адал болуға ант берді

20 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 80 әскери міндетті Отанға адал болуға ант берді
Share on FacebookShare on Twitter

«Ақтас» оқу-жаттығу полигонында алғаш рет он күндік әскери жиынға барған және бұрын Отан алдындағы борышын өткермеген әскери міндеттілердің әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Ержан Мейірманов, аумақтық қорғаныс бригадасының қолбасшылығы, қалалық әкімдік өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

– Бүгін бәрің үшін маңызды әрі жауапты күн. Әскери міндеттілер жиынында Әскери ант бердіңдер. Бұл жай ғана заңды факт емес, сонымен қатар жоғары азаматтық борышты көрсететін моральдық міндеттеме. Осындай жиын сендердің кәсіби дағдыларыңды жетілдіруге, оған қоса аумақтық қорғаныс негіздерін нығайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов.

Салтанатты рәсім барысында әскери міндеттілер әскери борышын лайықты орындауға, мемлекеттің, халықтың және оның заңды сайланған Президентінің бостандығын, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын қорғауға ант берді.

Естеріңізге сала кетсек, әскери міндеттілермен он күндік жиын аясында Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Оның барысында республикалық маңызы бар қаланың әскери және мемлекеттік объектілерін жауынгерлік үйлестіру, күзету мен қорғауды ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Next Post

Түркістандықдар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі