13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін қалай білуге болады?

15 мая, 2025
in Денсаулық
0
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін қалай білуге болады?
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) медицина саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл – жүрек өз жұмысын толық атқара алмай, ағзаға қажетті қан мен оттегіні жеткізуде қиындық туындайтын жағдай. Мұндай науқастар жыл сайын көбейіп келеді, әсіресе егде жастағы адамдар арасында жиі кездеседі. Бірақ соңғы жылдары бұл диагноз жас адамдарға да қойылып жатыр. Сондықтан, бұл ауруға уақытылы көңіл бөліп, ерте кезеңде анықтап, дұрыс ем қолдану маңызды.

Аурудың себептері

СЖЖ-нің басты себептерінің бірі – жүрек аурулары. Мысалы, жүрек ишемиясы, инфаркт миокарді ,жоғары қан қысымы, жүрек бұлшықетінің әлсіздігі, жүрек қақпақшаларының бұзылуы. Бұған қоса, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер(темекі шегу, ішімдік, энергетикалық сусындар), стресс және қозғалыссыз өмір салты да жүрекке кері әсер етеді. Ауру бірден пайда болмайды, ол жылдар бойы дамып, жүрек жұмысын әлсіретеді.

Қалай анықтаймыз?

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін анықтау үшін алдымен дәрігердің тексерісі қажет. Аурудың белгілері – ентігу, әсіресе физикалық күштеме кезінде және түнгі,тез шаршау, аяқтың ісінуі, жүректің жиі соғуы. Мұндай белгілер байқалса, уақыт оздырмай дәрігерге жүгінген дұрыс. Диагноз қою үшін ЭКГ, эхокардиография, қан талдаулары және рентген сынды зерттеулер жасалады.

Заманауи емдеу тәсілдері

Қазіргі таңда бұл ауруды емдеудің соңғы Еуропалық қоғам бірлетігінің ұсынысы негізінде 4 тік терапия – дәрі-дәрмекпен емдеу.

Сонымен қатар, өмір салтын өзгерту – емнің басты бөлігі. Тұзды азайтып, дұрыс тамақтану, салмақты бақылау, темекі мен ішімдіктен бас тарту, дене белсенділігін арттыру қажет.

Кейбір жағдайда хирургиялық ем қажет болуы мүмкін – мысалы, кардиостимулятор орнату немесе жүрек қақпақшаларын алмастыру.

  1. Басқару мен бақылау:
  • NYHA класы мен симптомдарды тұрақты бағалау
  • NT-proBNP бақылауы
  • Қан қысымы, калий, бүйрек қызметі
  • Пациентті өз жағдайын бақылауға үйрету
  • СЖЖ кабинетінде бақылауда тұру

. Амандық қосымшасы арқылы бақылау

Аурумен бірге өмір сүру

СЖЖ диагнозы қойылған адам өз өмір сүру дағдысын өзгертуі керек. Бұл тек дәрігерлердің көмегімен емес, науқастың өзінің де жауапкершілігімен тікелей байланысты. Ауруды толық жазу мүмкін болмаса да, оны бақылауда ұстап, өмір сапасын жақсартуға болады.

Қорытынды

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі – ерте анықтап, дұрыс ем жүргізсе, басқаруға болатын ауру. Біз, Сайрам аудандық ауруханасында, бұл диагнозбен келген әр науқасқа жеке көзқараспен қарап, тиімді ем мен кеңес ұсынып келеміз. Болашақта бұл дерттің алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу – басты міндетіміздің бірі.

 

Авторы: Саматулла Фарида

Сайрам аудандық
ауруханасының кардиолог дәрігері.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

Next Post

Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші бойынша Шымкент 5 орында

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі