13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ БАСПАНА ҚОРЫ 57 ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ТОЛЫҒА ТҮСПЕК

8 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІҢ БАСПАНА ҚОРЫ 57 ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ТОЛЫҒА ТҮСПЕК
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде тұрғын үй алу тізімінде тіркелген азаматтардың жалпы саны 53 297 адамды құрайды. Олардың 1 754-ін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 16 503-ін көпбалалы отбасылар, 18 579-ын халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы, 16 438-ін мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер, 23-ін жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар құрап отыр. Бұл деректер бізге қаладағы баспана мәселесінің қаншалықты өзекті екенін көрсетеді.
Өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 1 000 азаматқа арендалық пәтер беру жоспарланған болатын. Оның 803-і өз иелеріне табысталып, қалған пәтерлер биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.
2019 жылдан бері елімізде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған «сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы іске асырылып келеді. Аталмыш бағдарлама жастардың өз бетімен өмір бастауына, еңбек етуіне және әлеуметтік жағдайының жақсаруына да үлкен қолдау көрсетіп отыр.
Шымкент қаласы бойынша осы уақытқа дейін 3 849 жас отбасы 5 жыл мерзімге тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Одан бөлек, 2024 жылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары бойынша жеңілдетілген несиелік негізде 1 577 пәтер иелеріне тапсырылды. Бұл жобалар азаматтарға төмен пайызбен, ұзақ мерзімге несие алып, баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әсіресе, табысы орташа деңгейдегі азаматтар үшін мұның тиімді әрі қолжетімді екенін айта кету керек.
Ал, биыл қалалық құрылыс басқармасы тарапынан 3 592 пәтерлі 57 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Бұл көрсеткіш – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен тұрғындарды тұрғын үймен қамту стратегиясының нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан жобалар – қала халқының тұрмысын жақсартуға жасалған маңызды қадамдар. Шымкент қаласында тұрғын үймен қамту мәселесінің кезең-кезеңімен шешілуі – тұрғындардың әл-ауқатын арттырып қана қоймайды. Сонымен қатар, қала инфрақұрылымының да тұрақты дамуына жол ашатыны сөзсіз.
Previous Post

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАЛУДА

Next Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМДІ КӨРСЕТУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі