13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

8 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілуде.

Мереке қарсаңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов соғыс жылдары тылда еңбек еткен Отырар ауданының тұрғыны Шынар Батанова мен Ордабасы ауданының тұрғыны Күнтай Сағындықова апаларымыздың үйлеріне барып, құттықтады. Мәслихат төрағасымен бірге тыл ардагерлерін құттықтауға облыстық мәслихат депутаттары М.Манапов пен Ғ.Райымбеков, Отырар ауданы әкімі Қ.Жолдыбай, Ордабасы ауданы әкімі А.Оралбаев барды.

Мәслихат төрағасы апаларымызға соғысқа аттанған ер азаматтарға қолдау көрсетіп, тылда тізе бүкпей қажырлы еңбек еткендері үшін алғысын айтып, сый-сияпат жасады. Еңбек майданындағы істері кейінгі ұрпаққа өнеге екендігін жеткізіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Айта кетсек, тыл ардагері Шынар Батанова 1928 жылы дүниеге келген. Соғыс жылдары ерте еңбекке арласып, колхоздың әртүрлі жұмыстарын жасаған. Ұлы жеңістің 50, 60, 70 жылдық медальдарымен марапатталған. Жұбайы Ұлы отан соғысының ардагері Сейіт Есінбаевпен  бес бала тәрбиелеп, өсірді. Бүгінгі таңда 12 немере, 28 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр.

Тыл ардагері Күнтай Сағындықова 1926 жылы Темірлан ауылында дүниеге келген. «Полезный труд» колхозында жұмысшы, кейіннен         1944 жылы звено жетекшісі болған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, 1948 жылы Темірлан ауылдық Кеңесіне депутат болып сайланып, туған өлкені түлету жолында қызмет еткен. «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен, Ұлы жеңістің 50, 60 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. 8 ұл-қыз тәрбиелеп, 1965-жылы 2 дәрежелі, 1967-жылы 1 дәрежелі «Ана даңқы» медалі берілген.

Жалпы, Түркістан облысында 8 — Ұлы Отан соғысының ардагері,            2 897 — тыл еңбеккерлері бар. Барлығына мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілуде.

Түркістан облыстық мәслихаты

Previous Post

ТҮРКІСТАННАН ШЫҚҚАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: АНАРБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ

Next Post

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі