13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жастарға кәсіпкерлік негіздері таныстырылды

24 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
Жастарға кәсіпкерлік негіздері таныстырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында әдеттегіден өзгеше кездесу өтті. Бұл жолы кәнігі кәсіпкерлер емес, жастар, оқушылар бас қосты. Палата директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев болашақ түлектермен еркін әңгімелесті.
Кездесуге «Top Generation School» білім беру орталығының шәкірттері, орталықтың жетекшілері, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысты.

Жоғары сынып оқушыларына алдымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылу тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, ұйым туралы мәлімет таныстырылды. Одан кейін кәсіпті бастау жолы, заңды тұлғалардың түрлері және оларды ашу, жұмысын жүргізу, салық туралы кеңінен түсіндірілді.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Үкіметі және «Атамекен» одағының бірлескен шешімімен құрылған. 2015 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып ресми түрде қайта тіркелді. Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, бизнес пен билік арасында тиімді серіктестік орнату. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймағында өңірлік кәсіпкерлер палаталары жұмыс істейді. Кәсіпкерлерге әрдайым есігіміз ашық», – деді Мақсат Өткелбаев.

Жастарға, сонымен қатар, кәсіпті қаржыландыру, грант, несие сияқты қаржы көздерін табу және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен түсіндірілді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды. Болашақ түлектерді, негізінен, грант қаржысы, оқушыларға арналған жобалар сияқты тақырыптар қызықтырады.

Мақсат Өткелбаев мемлекет тарапынан және түрлі қаржы ұйымдарынан грант алу үшін жаңалықтардан хабардар болып отыру керегін айтты. Ал кәсіп бастауға қажет бизнес-жоспарды түзуге Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері көмектеседі.

«Жастарға кәсіпкерліктің алғышарттарын түсіндіру – маңызды мәселе. Кәсіпкерлікке қызығушылықтарыңыз идеяларыңызды жүзеге асыруға, жаңа мүмкіндіктерді ашуға және болашақта қаржылай тәуелсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Кәсіпкерлік – бұл бизнес ашу ғана емес, идеяларыңызды жүзеге асыру, қоғамға пайда әкелу және экономикалық жағдайды жақсарту. Сондықтан, алдағы уақытта өз істеріңізді бастауға қатысты сұрақтар болса, біздің есігіміз ашық», – деп аяқтады кездесуді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев.

Previous Post

Шымкентте студенттердің бизнес-жобалары іріктелді

Next Post

Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі