13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Таза Қазақстан» аясында өзен жағалаулары тазартылды

22 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
Кентауда «Таза Қазақстан» аясында өзен жағалаулары тазартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентаулық жастар «Таза Қазақстан» аясында Оранғай ауылы аумағындағы өзен жағалауларында кең ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
100-ден астам жергілікті жастар, еріктілер мен ауыл тұрғындары бірігіп, өзен жағалауын қоқыстан тазартып, табиғи ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Мұндай игі істер жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналды.
Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында Кентау қалалық жастар орталығының басшысы Сұлтан Азат қала жастарын экологиялық белсенділікті күшейтуге, табиғатты аялауға шақырды.
«Өздеріңіз білетіндей, күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экофестиваліне қатысып, еліміздің жастарына үндеу айтты. Біз Президенттің бастамасын қолдап, экологиялық ағарту жұмысын тұрақты жүргізуіміз керек. Жастар – осы елдің қозғаушы күші. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау, халықтың экомәдениетін көтеру – біздің басты міндетіміз!», деді өз сөзінде.

Жыл басынан бері облыстағы жастар ресурстық орталығы 159 іс-шара ұйымдастырған, оның ішінде 143 сенбілік, 9 экочеллендж, 7 экомарафон өткізіп, 7856 жас қамтылған. Аталған шараларға белсенді азаматтар, жастар, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері және аналар алқаларыда іс-шараға өз үлестерін қосты.
Ал жалпы облыс көлемінде «Таза Қазақстан» аясында жыл басынан бері 428 725 ағаш отырғызылып, 2000-ға жуық техника тартылды, 6 758 тонна қоқыс шығарылды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА 35 КӨШЕГЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНАДЫ

Next Post

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі