13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРУДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

21 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРУДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жайында брифингте Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқарамасының инспекторы Абдулла Аманбаев мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, биыл 21 сәуірден бастап Республика көлемінде заңсыз сақтауда тұрған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акция өтеді. Іс-шара ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

«Заңсыз сақтаудағы қару-жарақ құралдарын сатып алу жөніндегі акция ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен бекітілген. Ерікті түрде тапсырылатын атыс қаруына, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарға дәрежесіне қарай ақшалай сыйақы беріледі. Яғни, автоматты ойық қаруға — 393 200 теңгеге дейін, ұзын ойық ұңғылы қаруға — 196 600 теңгеге дейін, қысқа ұңғылы ойық қаруға — 157 280 теңгеге дейін, тегіс ұзын ұңғылы қаруға — 117 960 теңгеге дейін беріледі. Одан бөлек, травматикалық тапанша немесе револьверге — 39 320 теңгеге дейін, жарылғыш зат және артериялық снарядқа — 27 524 теңгеге дейін, жарылғыш заттың 1000 граммына — 23 592 теңгеге дейін беріледі. Одан бөлек, 5,6 мм калибрден жоғары ойық ұңғылы қарудан атуға арналған оқтың данасына — 112 теңгеден, 5,6 мм калибрлі кіші ойық ұңғылы қарудан атуға арналған оқтарға данасына — 34 теңгеден беріледі. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырылған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады»,- деді Абдулла Аманбаев.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметтік іссапармен Түркістан облысында болды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 30 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі