13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЖАСТАРДЫҢ БАСПАНА ЖӘНЕ ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17 апреля, 2025
in Uncategorized
0
ЖАСТАРДЫҢ БАСПАНА ЖӘНЕ ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы уақытта жастарды баспанамен және жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі қоғамда кеңінен талқылануда. Осы түйткілді мәселелерді тереңірек зерделеу мақсатында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңесі» көшпелі отырыс өткізді.

Кеңестің көшпелі отырысына қалалық мәслихат депутаты, кеңес төрағасы Нұрсұлтан Балабиев, кеңес мүшелері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында «Жұмысшы жастарға» бағдарламасы аясында 900 пәтерді студенттерге үлестіру мәселесі қаралды. Айта кетсек, Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2024 жылы өткен конкурс нәтижесінде оң қорытынды алған азаматтарға 2025 жылы 900 пәтер бөліну жоспарланған.

Сонымен қатар, жиын аясында жұмысшы топ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Орта Азия Инновациялық университетінің жатақханаларына мониторинг жүргізді. Зерделеу жұмыстары барысында жатақхана жағдайлары сараланып, бірқатар өзекті сұрақтар көтерілді.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер алдағы уақытта тұрақты бақылауда болып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

#AMANAT

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА СУРЕТШІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Next Post

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі