13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

18 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту басты назарда. Осыған орай, облыстың барлық аудандарында көптеген жаңа нысандар салынып жатыр. Осы ретте, аудан әкімі Арман Сабитов құрылыс нысандарына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Алдымен Ақсукент ауылдық округіндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан білім беру нысанына барды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатқан заманауи мектеп 600 орынға лайықталған. Аталған мектепте кең әрі жарық сынып бөлмелері, жаңа технологиямен жабдықталған пән кабинеттері, спорт және акт залы, ІТ сынып, кітапхана, медициналық кабинет және асхана мен қауіпсіздік жүйелері толық қарастырылмақ.
Сонымен қатар, аудан әкімі аудандағы жалдамалы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Арман Сабитов жұмыс қарқынын бақылап, құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бұдан бөлек, Қарасу ауылында бой көтеріп жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Аталған нысан «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр. Нысан іске қосылғаннан кейін Қарасу, Ақбай, Жаңатұрмыс, Бескепе және Қызылсу ауылдарынан 800-ге жуық жас — бокс, күрес, волейбол, баскетбол, үстел теннисі секілді спорт түрлерімен шұғылдана алады. Сонымен қатар, кешенде облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 1000 ТҮП ГҮЛ ЖӘНЕ СӘНДІ АҒАШ ЕГІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН : ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ШЫНЫ ӨҢДЕЙТІН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі