13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда сәбиін әжетханаға тастаған студент қыз сотталды

8 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда сәбиін әжетханаға тастаған студент қыз сотталды
Share on FacebookShare on Twitter

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбиін өлтірген жас келіншекке қатысты сот үкімі шықты. Казталов ауданының 19 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаңа туған сәбиін полиэтилен пакетке орап, көшедегі дәретханаға тастаған. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлап отыр.

“Мой город” басылымының мәліметінше, жоғары педагогикалық колледждің ІІ-курс студенті 2020 жылдың күзінде өз танысынан жүкті болғанын білген. Алайда жігіті жауапкершілік алудан қашқан.Ал ата-анасының ашуынан қорыққан бойжеткен, бұл туралы ешкімге айтпауды жөн көріпті.

Сотта оқиғаға қатысты жантүршігерлік деректерде айтылды. Сәбиді босанған уақытта 19 жастағы қыздың отбасы мүшелері де үйде болғаны анықталған. Ресми мәліметке сүйенсек, 23 қарашада қыздың іші ауыра бастаған. Анасы дүкенге шығып кеткен, ал қалған отбасы мүшелері өз бөлмесінде болған. Осы сәтте ол дәлізге шығып, ұл баланы дүниеге әкелген. Бойжеткен есеңгіреген күйінде қайшымен нәрестенің кіндігін кесіп, шақалақты полиэтилен пакетке орап, аузын түйіп, жеке үйдің қорасында орналасқан  әжетханаға тастаған.

Содан кейін дәліздегі қанды сүртіп, бөлмесіне барып жатып қалыпты. Дүкеннен қайтып келген анасы қызының жайсыз сезінгенін көріп, жолдасымен бірге ауруханаға алып кеткен. Нәтижесінде медициналық мекеме қызметкерлері бұл оқиғадан хабардар болған,- делінген үкімде.

Сарапшының айтуынша, Нәресте шамамен 8-8,5 айлық болған. Оның өліміне механикалық асфиксия, себеп болған. Яғни сәби тұншығып өлген.

Сотталушы кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімімен Қазталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстандық бітімгерлер халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын зерделеуде

Next Post

Қорғаныс министрлігінде армияны жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі