13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 800-ДЕН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕК ГРАНТҚА ТҮСКЕН

16 апреля, 2025
in Білім
0
«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 800-ДЕН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕК ГРАНТҚА ТҮСКЕН
Share on FacebookShare on Twitter

«Serpin Way» автобусымен еліміздің оңтүстік өңірлеріне кәсіптік бағдарлау туры өтеді. Бұл жайында брифингте М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Қанат Смаилова мәлімдеді. Спикердің сөзінше, Қазақстанда алғаш рет аталған университеттің ұжымы Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы 30-ға жуық елдімекенді аралайды. Бұл мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына, тұрғылықты жеріне қарамастан, Қозыбаев университетінде білім алудың мүмкіндіктері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Бағдарлама мақсаты — Солтүстік және Шығыс өңірлердегі кадр тапшылығын, жастар үлесінің аздығын оңтайландыру. Осы орайда, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 2014 жылдан бері бағдарлама аясында студенттерге білім беріп, мамандар даярлап келеді. Бағдарлама — университет және облыстағы жауапты мекемелер арқылы білім алушыға тегін оқу, жатақхана, стипендия, жол ақысы және жұмыс орнын дайындап береді. Диплом алғаннан кейін 2 жыл жұмыс өтілін атқаруға міндеттеледі. Мысалы, мемлекеттік гранттың жұмыс өтілінің мерзімі 3 жыл болса, «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 жыл. Оңтүстікке қарасты қай өңірдің адамдарын алсақ та барлық жағдайда белсенді. Әзірге «Серпін» бойынша білім алушылардың жоғары көрсеткіші Түркістан облысына тиесілі»,- деді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Насихат Смайл.

Сонымен қатар, брифингте Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Ернар Бектаев биыл бағдарлама аясында Түркістан облысынан арнайы делегация құрылып, теріскей аймақтардағы 17 оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысқан. Сондай-ақ, олар Түркістан облысынан оқуға түскен студенттермен кездескен.

«Түркістан облысынан «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқуға түсу мүмкіндігі өте жоғары. Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық Қазақстан өңірлеріндегі оқу орындарынан облыста үгіт-насихат жұмыстары жүйелі және тұрақты жүргізіліп, 2024 жылы 802 түлек грантқа түсті. Бұл іс-сапар өңірлер арасындағы білім алмасу және жастардың кәсіби дамуына үлкен серпін беруді көздейді. Қазіргі таңда да Түркістан облысының аудан-қалаларында аталған бағдарлама бойынша насихат жұмыстары тұрақты жүріп жатыр»,- деді Ернар Бектаев.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «ЕҢБЕК КУБОГЫ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАСӨСПІРІМ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі