13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери қызметшілер көктемгі күн мен түннің теңелуін тойлады

31 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
Әскери қызметшілер көктемгі күн мен түннің теңелуін тойлады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің жеке құрамы Наурыз мейрамын тойлады. Қыстың аяқталуы мен көктемнің келуін белгілейтін мерекелік шараға Қарулы күштердің ардагерлері, бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мен қонақтар қатысты.

Әскери қызметшілердің рухын көтеріп, мәдени-демалыс, спорттық шаралар арқылы ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған шара концерттік бағдарламамен басталып, ұлттық ойындармен жалғасты.
35748 әскери бөлімінің командирі, подполковник Сергей Бибулатов құттықтау сөзінде тарих қойнауынан бізге жеткен бұл мереке түркі халықтары үшін дәстүрге айналғанын атап өтті. Ол ежелден табиғаттың қайта түлеп, гүлденуін бейнелейді.
– Наурыз мейрамын тойлау — ұлттық бірегейлікті, отбасылық құндылықтарды сақтау, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыру. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын, — деді ол.
Мерекелік дастархан қонақтарды дәстүрлі тағамдары мен тәттілерімен қуантты. Ал ең басты мерекелік тағамы – Наурыз көже болды.
Шара барысында әскери қызметшілер ұлттық киім киіп, киіз үйлерді тігіп, «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», «Беташар» сияқты көріністер қойып, ұлттық салт-дәстүрдің байлығын паш етті, сондай-ақ жеке құрам арасында ұлттық ойындардан «Бәйге», «Қыз қуу», «Аударыспақ», арқан тартыс, «Тоғыз құмалақ» ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.
Сайыстар қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

1 сәуірден бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

Next Post

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі