13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандық алғашқы ноутбук пен планшеттің отаны — Петропавл

8 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстандық алғашқы ноутбук пен планшеттің отаны — Петропавл
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздегі тарихы терең, ең көне зауыттардың бірі — С.М. Киров атындағы зауыт ZIKComputers маркасымен компьютерлік техника шығара бастады.

Тұтынушыларға отандық Zik компьютерлерінің 7 түрі ұсынылды. Оларды қазірдің өзінде kaspi.kz және ForteMarket арқылы сатып алуға болады. Жақын арада отандық компьютерлерді, сондай-ақ «Қазпоштаның» барлық бөлімшелерінен ала аласыздар.

Зауыттың инженерлік әлеуеті зор және мамандарының деңгейі жоғары. Өнім сапасына ерекше назар аударылады. Мемлекеттің қолдауымен 2018-2020 жылдар ішінде кәсіпорында жаңғырту жүргізілді. Дәлдік сыныбы бес, көпқабатты баспа платаларын өндіруге және SMD-монтаждауға арналған жабдық алынды. Бұл зауытқа электронды өнеркәсіпті, соның ішінде ZIKComputers шығаруды дамыту үшін қуатты база құруға мүмкіндік берді. Өндірісті қолдау үшін 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

ZIKcomputers желісінің өндірістік қуаты — жылына 100 000 бірлік компьютерлік техника.

Компьютерлік техниканы дайындауға арналған компоненттерді серіктестері — электроника, компьютерлік техника және серверлік жабдықтар өндірісінде 30 жылдық тәжірибесі бар Great Wall компаниясы жеткізеді. ZIK  брендімен шығарылған әрбір өнім Windows 10 Pro лицензиялық операциялық жүйесімен жабдықталады және шетелдік аналогтардан еш айырмашылығы жоқ. Ал бағасы арзандау.

Кеңес заманында зауыт «Победа», «Рекорд», «Қазақстан» радиоқабылдағыштарын, «Есіл» РПУ және басқа да қызықты электр аспаптарын шығарды. Және ол өнімдер жоғары сұранысқа ие болды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде взводтардың жауынгерлік үйлесімділігі өтуде

Next Post

Қызылорда әкімдігі өңірді насихаттауға 13,5 млн теңге бөлмек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі