13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР ҚК мамандарының біліктілігін арттыру: Ағаш өңдеуді оқыту

27 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
ҚР ҚК мамандарының біліктілігін арттыру: Ағаш өңдеуді оқыту
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті жариялаған жұмысшы кәсіптер жылы аясында 44859 әскери бөлімінің аумағында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің арсеналдары мен оқ-дәрілерін сақтауға жауапты ағаш өңдеу цехтары мамандарының кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған үш күндік оқу-әдістемелік жиындар өтті.

Жиынға қатысушылар оқ-дәрілерге арналған тығындарды жөндеуді, күтіп ұстауды және жіктеуді, ағаш өңдеу станоктарының техникалық сипаттамалары мен пайдалну ерекшеліктерін, сондай-ақ оларда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын зерттеді.
Жиын бірнеше кезеңде өткізілді, сондықтан бірінші күні қатысушылар құрылыс теориясын, ағаш өңдеу станоктарын пайдалану ережелері мен станоктарда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін зерттеді. Ол барлық қатысушылармен бір уақытта өткізілді. Екінші кезеңде қатысушылар екі-үш адамнан тұратын кіші топтарға бөлініп, станоктарда бөлшектерді көп операциялық өңдеу нәтижелері бойынша дағдыларды жаттықтыру үшін жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Қару-жарақ бастығы басқармасының оқ-дәрі қоймаларын материалдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, полковник Нұрлан Ахметов жиынды өткізу үшін 44859 әскери бөлімін таңдау ағаш өңдеудің толық циклі, нақтырақ айтқанда бөренелерді аралаудан бастап сырлау мен дайын бұйымдарды қаптауға дейін осы жерде толық танысуға болатынын атап өтті.
— Ағаш қораптары оқ-дәрілерді сақтау мен тасымалдаудың ең қауіпсіз құралы болып табылады, сондықтан олардың сапасына, әсіресе ағаштың ылғалдылығына қойылатын талаптар өте қатаң. Оқ-дәрілерді сақтау үшін ылғалдылығы 14%-дан аз кептірілген және сүргіленген тақталардан жасалған жәшіктер пайдаланылады, — деп атап өтті Нұрлан Дүйсенбайұлы.
Өткізілген сабақтар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға, сондай-ақ қоғамда қажырлы еңбек пен кәсібилікті насихаттауға бағытталған Жұмысшы мамандықтары жылының мақсаттарына сай келетін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етті. Алынған білім мамандарға өз міндеттерін тиімді орындауға және әскери бөлімдердің ағаш өңдеу цехтарында жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ ТАНЫМДЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

Next Post

1 наурыздан бастап Шымкенттегі кезекші мамандандырылған ХҚКО жаңа мекенжайда жұмыс істейтін болады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі