13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ИНКЛЮЗИВТІ КАБИНЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

21 февраля, 2025
in Uncategorized
0
КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ИНКЛЮЗИВТІ КАБИНЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері №79 жалпы орта мектебінде іс-сапармен болды. Іс-шара барысында білім ұясындағы ерекше балаларға арналған инклюзивті кабинетінің жағдайы мен оны психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдау жүйесі талқыланды.

Жұмысшы топтың құрамында партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының Амбассадоры, мәслихат депутаты Алина Дубинина және кеңес мүшесі Жанна Утесинова болды. Олар мектептегі инклюзивті білім беру процесімен танысып, ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқуға тең қолжетімділігіне бағытталған шараларды қарап шықты.

Мектепте ерекше балалардың психологиялық және педагогикалық қолдауына арналған арнайы кабинет жұмыс істейді. Бұл кабинет оқушылардың білім алу процесін жеңілдетіп, олардың қабілеттерін барынша ашуға мүмкіндік береді. Сала мамандары инклюзивті білім берудің негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы жан-жақты түсініктеме беріп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Партияның сайлауалды бағдарламасында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған білім беру жүйесін жетілдіру мәселесі ерекше назарға алынған. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып, инклюзивті білім беру мен әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру көзделген. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру жүйесін дамыту – қоғамның әрбір мүшесінің тең құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды бір бөлігі.

«AMANAT» партиясының мақсаттарының бірі – әлеуметтік қолдау жүйесін нығайту, балалардың болашағы үшін тиімді, әділ және қолжетімді білім беру шарттарын қамтамасыз ету.

Previous Post

«Заң мен тәртіп»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол көлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын талқылады

Next Post

10216 әскери бөлімінің жеке құрамымен өткен кездесу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі