13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Қарулы күштер тәрбиешілері институтының құрылған күні атап өтілді

13 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Қарулы күштер тәрбиешілері институтының құрылған күні атап өтілді
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кез-келген армия үшін жауынгерлік және моральдық рух негіздердің негізі болып табылады және оны қалыптастыруда тәрбиешілерге маңызды рөл беріледі. 1993 жылғы 19 қаңтардан бастап ел Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан армиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі командирлердің орынбасарлары институты құрылды.

Түркістан облысы қорғаныс істері департаментінің басшылығымен «Farab Library» ғылыми-әмбебап кітапханасында командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуының 32 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Қарулы күштердің, әскери қақтығыстардың ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер, қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері және қаланың «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әкімдік өкілдері шақырылды. Олар құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі тәрбиешілерге алғыс хаттар, құрмет грамоталары мен наградаларын табыс етті.
Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев атап өткендей, бүгінгі таңда тәрбие және идеологиялық жұмыстардың көптеген бағыттары бар, олар ақпараттық-тәрбие, мәдени-демалыс және әскери-патриоттық жұмыстарды қамтиды. Тек осы жұмыстар арқылы әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ әскери ұжымдарда жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау жүзеге асырылады.
— Әскери ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал ең алдымен аға жолдас пен тәлімгерге байланысты, ал бұл қойылған міндеттердің орындалуына, сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіптің тиісті деңгейін сақтауға тікелей әсер етеді, — деп толықтырды подполковник Жандос Құлдербаев.
Салтанатты шара соңында Түркістан қаласының мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Бүгінгі таңда тәрбие құрылымдарының жұмысы жауапты және маңызды. Олар әскери қызметшілермен қарым-қатынас жасай білуі, оларды түсінуі және сенімді қарым-қатынас құрудың жолдарын табуы керек. Осы жылдар ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлерімен бірлесіп әскери ұжымдардағы моральдық-адамгершілік жағдайды сауықтыру, әскери қызметтің беделін арттыру, жеке құрамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды қамтамасыз ету, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін орасан зор жұмыс жасады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

«Сарбаз болғым келеді» акциясы өтті

Next Post

Оқушылар әскери бөліммен танысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі